«Нұр отан» болашақтың бастауы

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. «Нұр Отан» партиясы елмен етене қарым — қатынас орнатып, Елбасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның әлемдік деңгейде дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан саяси ұйым. Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл болады.

Осы уақыт ішінде партия шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғаны белгілі. Құрылған күннен бастап барлық елдік істердің басы — қасынан табылып келеді. Халқымыздың береке-бірлігінің артуына еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін атсалысып келе жатыр. Бүгінде халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей, шешілуі тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстайтын елдік партия атанды.

«Нұр Отан» сан түрлі адамдардың басын біріктіруде. Іс жүзінде, партия бүкіл қоғамымыздың айнасы іспетті. Мемлекет басшысы елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Нұр Отан» партиясының үлесі зор екенін үнемі тілге тиек етіп     отырады.

Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық жəне технологиялық, саяси, əлеуметтік жəне рухани жаңғыру үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берері анық.

Ең бастысы Ұлт Көшбасшысы белгілеген əлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылған тəуелсіз Қазақстан елінің тұғыры берік, мəртебесі биік, болашағы жарқын болуы жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», еңбек етейік.

Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы,

 «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің

директоры, «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезі делегаты,

Ақсу аудандық «Нұр Отан» партиясының кадрлық резерві.

Мәліметпен бөлісу: