Алкоголь өнімін өткізу нарығында лицензияныпайдаланғаны үшін кедергі жойылды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент) Жетісу облысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңесте,алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын нарық субъектілеріне қатысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым мен лицензияны пайдаланғаны үшін төлем бойынша қосарланған салық салуға байланысты бәсекелестіктің дамуына кедергіні қарастырды.
Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияны алғаш рет алған кезде төленетін 105402 экономикалық сыныптама коды (БСК) бойынша «белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым» және жыл сайын төленетін 105434 БСК бойынша «белгілі бір қызмет түрімен айналысу лицензиясын пайдаланғаны үшін төлем» мөлшерлемелері бірдей болған.
Бұл жағдайда, лицензияны пайдаланғаны үшін төлем әділетті бәсекелестікке кедергі келтіреді және жасырын түрде қосарланған салық салуға жол беретін тетік болып табылады. Бұл өз кезегінде нарық субъектілеріне екі еселенген қаржылық жүктеме жүктейді.
Осы мәселені қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар 2025 жылғы 18 шілдеде №214-VIII ҚРЗ қабылданған ҚР жаңа Салық кодексінің әзірлеу барысында ескерілді. Жаңа кодексте лицензияны пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлем нормасы алынып тасталды, тек қызмет түрімен айналысуға лицензиялық алым ғана сақталды (616-бап).
Анықтама: 2023 жылы Жетісу облысының кедергілер жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі — Кеңес) отырысында Кеңес мүшесі Эдиль Юрьевич Казакпаев аталған мәселені көтерді және 2024 жылы аталған кедергі Республикалық кедергілер жөніндегі кеңесте қаралды және ҚР Салық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу кезінде бұл норма алынып тасталды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Мәліметпен бөлісу: