Президент Жолдауына түсіндірме

5514 әскери бөлімнің командирі, полковник Амир Мансуров Қазақстан Президентінің Жолдауына қатысты пікір білдірді.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдауын жариялады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық трансформацияның ұлттық қауіпсіздік, білім беру, экономика және қоғамдағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасау және заманауи қауіп-қатерлерге дайын болу қажеттігін баса айтты.
Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі Жолдауда көтерілген ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әскерді заманауи жабдықтармен қамту және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін ерекше назарға алды.
Полковник Амир Мансуров түсіндірмесінде:
– Президентіміздің Жолдауы – біздің нақты іс-қимыл жоспарымыз. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тыныштығын қорғаудағы жауапкершілігін толық сезінеді. Басты міндетіміз – заң мен тәртіпті сақтау. Осы қағидаға сүйене отырып, біз әрқашан Отанымыздың бейбітшілігі мен тұрақтылығын қорғауға дайынбыз. Президент жүктеген тапсырмаларды орындау – әрқайсымыздың азаматтық әрі әскери борышымыз, – деді.

Мәліметпен бөлісу: