
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елге инвестиция тарту мәселесін көтерді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы ірі инвесторлармен қатар шағын және орта инвесторлармен де тығыз жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қаражаттың қай салаға, қандай мақсатқа бағытталатыны айқын болуы тиіс.
– Қазіргі күрделі жағдайда инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным қажет. Тікелей инвестиция бойынша барлық үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің құзырында болады. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ назар аудартатын жайт – елімізде бірде-бір мекеменің атауында «инвестиция» деген сөз жоқ. Инвестиция жетім баладай өз жолын таба алмай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс енгізуі тиіс, – деді Президент.