
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа атом электр станцияларын салуды жоспарлау қажеттігін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазірдің өзінде екінші, тіпті үшінші станцияны салуды ойластыру керек. Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде екі елдің атом энергетикасы саласындағы стратегиялық әріптестігіне ерекше назар аударылғанын айтты.
«Қазақстан өз энергетикалық егемендігін сақтау үшін әлемнің жетекші компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын», – деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ елдегі мол көмір қорын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстанда сапалы көмір қоры жеткілікті. Экологиялық тұрғыдан таза әрі заманауи технологияларды қолдану арқылы осы ресурсты дамытуға мән беруіміз қажет. Табиғи артықшылықтарымызды елдің игілігі үшін пайдалануымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.
