
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІРДЕН — БІР БАСТАУЫ – ХАЛЫҚ
(Қазақстан Республикасы Конституциясының
3-бабының, 1-бөлігі)
Еліміздің Конституциясы мемлекетіміздің құрылымын айқындаған, егемендігін бейнелейтін, барлық заң мен заңнамалардың «қайнар бұлағы» саналған аса маңызды құжат болып табылады.
Әсіресе, тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп — өркендеуімен дамуы жо¬лында және елдегі саяси процестердің қалыптасуында Ата занымыздың орны ерекше.
30 тамыз – күнтізбеге Ата заңымыз қабылданған күн ретінде енді. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыпастырушы құжат қабылданған күн елімізде кең көлемде аталып өтеді. Атаулы мерекеге орай тамыз айының басынан бастап дайындық жұмыстары басталып кеткен.
Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Содан бері ата заңға алты рет өзгеріс енгізілген. Соның ең ауқымдысы һәм республиканың реңін өзгерткен референдум 2022 жылы болды. Бұл Қазақстанның жаңғыру жолын айқындаған тұтас елдің шешімі болды. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті.
Осы референдумнан кейін конституциялық заңдар қабылданды. Соның ішінде сайлау туралы заңға үлкен өзгеріс келтірілді. Тікелей, сай¬лау, жанама емес, тікелей. тікелей сайлағанда халық кімді сайлағанын біледі. Дауыс бергісі келсе берееді, бергісі келмесе, бермейді. Еркін болған нәрсе ол демократияның үлгісі деп білемін. Қазіргі парламенттің 30 пайызы тікелей сайланған депу¬таттар.Халықтың тек, қана сай¬лап қоймай оны қайтып алуға да құқығы бар.
Тағы бір өзгеріс Президент бір мерзімге 7 жылға сайлана¬ды. Оның жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауа¬зымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Ата заңдағы жаңғыру жолы тұтас мемлекеттің одан әрі дамуына сеп болып отыр.
Нақтырақ айтсақ, Конститу¬ция – ішкі де, сыртқы саясаттың бағытын айқындап, ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болып отырған бас-ты құжат. Соңғы жылдарда құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Ата заңмен айқындалды. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке ке¬руен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді, біледі, білуі керек.
Адам өзінің құқығының үстемдік еткенін қаласа бірінші кезекте конституция¬ны жақсы білуі керек. Оның ішіндегі негізгі, фундаметалды құқықтарын білуі қажет.
Гүлім ЕРКІНБЕКОВА.
