Камералдық бақылау жөніндегі қызметтің нәтижелері

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шеңберінде 2025 жылдың 6 айында жалпы сомасы 451,2 млрд. теңгеге 9751 лотты камералдық бақылаумен қамтыды, бұл мемлекеттік сатып алудың 98,9% құрады.
Мемлекеттік сатып аклудың камералдық бақылаудың негізгі мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Талдау көрсеткендей, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында камералдық бақылау қорытындылары бойынша белгіленген жүйелі бұзушылықтар орын алды, атап айтқанда:

  • мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға қайшы келетін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз қолдану;
  • конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген конкурстық құжаттаманың талаптарын белгілеу;
  • мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзу, атап айтқанда жұмыстарды ЖСҚ-мен орындау мерзімдерінің және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мерзімдерінің күнтізбелік он бес күннен кем болмауы.
    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті хабарлама жіберуі камералдық бақылаудың ден қою шаралары болып табылады.
    Бірінші жартыжылдықта бақылау қорытындысы бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1018 хабарлама жіберілді, олардың орындалуы 100% құрады. Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімі

Мәліметпен бөлісу: