Абай әні – халық мұрасы

Талдықорған қаласының жағажайында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай әні – халық мұрасы» атты караоке кеші ұйымдастырылды. Жалпы саны 50 адам өз өнерлерін көрсетті. Шараның басты мақсаты – ұлы ақын, композитор Абай Құнанбайұлының әндерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін арттыру, Абай мұрасын халыққа жақын әрі қолжетімді форматта дәріптеу, сондай-ақ жастар мен қала тұрғындары арасында шығармашылық белсенділік пен ұлттық мәдениетке қызығушылықты ояту. Кеш барысында Абайдың кең танымал әрі терең мағыналы әндері орындалып, көрермендер ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін караоке арқылы білдірді. Қала тұрғындары мен қонақтары еркін түрде қатысып, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ» сынды әндерін нақышына келтіре орындап, рухани кештің сәнін келтірді. Бұл кеш – Абайдың мол мұрасын қазіргі заманмен үндестіре отырып, ұлт руханиятына құрмет білдірудің жарқын үлгісі болды.

Мәліметпен бөлісу: