
Біздің кең-байтақ Отанымыз тәуелсіз Қазақстан тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен сыйы және ынтымағы жарасқан халқымыздың мәңгілік құндылығы. Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Қазақстан халқының тарихтан тағылым алып,келешекке байыпты қадам жасау мүмкіндігі—ұлтаралық келісім мен бірліктің берік,тұғырлы болуынан.Сондықтан біз бірлігімізді мақтан тұтып,қастерлеп,бағалай білуіміз керек. Бүгінде Қазақстанда100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп,ел дамуына өз үлестерін қосып жатыр.Олай дейтін себебіміз,тағдыр тауқыметімен сонау сұрапыл жылдары бейтаныс қазақ даласына үрке келіп,екінші Отанын тапқан халықтың өкілдері қонағын құшақ жая қарсы алып,төрін беретін жергілікті қазақ халқымен қоян-қолтық араласып,еңбекке араласқан еді.Бүгінде ынтымағы мен бірлігі жарасқан барлық ұлт өкілдері өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынаста өмір сүріп,ел дамуына үлес қосуда.
Жетісу облысы ҚХА жанындағы
Қаратал ауданы Аналар кеңесінің төрағасы
Ұ.Досмолданова.
