Ақсу ауданы бойынша отбасыларды қолдау шаралары туралы ақпарат


Отбасы цифрлық картасының соңғы жүктелген деректеріне сәйкес, тізімде Ақсу ауданында 2695 адам тіркелген. Тізім ауылдық округтерге жолданып, топтармен жұмыстар жүргізілуде.
Жұмысшы топтардың жүргізген жұмыстарының нәтижесінде «Д» және «Е» санатындағы адамдардың несиелері бойынша 90 күннен асқан қарыздары бар 264 адам қаржылық сауаттылыққа оқытылып, сертификаттарын алды.
Аудан аумағынан көшіп кеткені 322 адам, құжаттары жоқ – 14 адам, тіркеуде жоқ – 61 адамның тізімдері тиісті мекемелерге жолданды, бүгінгі күнге барлығы 1448 адамның деректері анықталды.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша 1440 көпбалалы отбасыға арнайы жәрдемақы төленді.

Сонымен қатар, бұрынғы жылдардан бастап бала күтімімен отырған азаматтарға төленетін жәрдемақының мерзімі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзарған болатын. Бүгінгі таңда аудандағы 194 отбасыға республикалық бюджеттен ай сайынғы төлемдер төленіп отыр.

Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасыларға жергілікті бюджет есебінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып келеді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 138 отбасының 750 адамына жалпы сомасы 30 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын бір жарым айлық есептік көрсеткішке тең көлемде төлемақы берілуде (шамамен 5898 теңге).

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап “Жанұя” – отбасыларды қолдау орталығын ашу жоспарлануда. Бұл орталықтың басты мақсаты – дағдарыстық жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және тұрмыстық қолдау көрсету, балаларын балабақша мен мектепке орналастыру бойынша көмек ұсыну.

Мәліметпен бөлісу: