7 балалы анаға жер үй үй берілді

Алматы облысы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында көп балалы отбасыға тұрғын үй кілті табысталды.

Жансүгіров ауылының Оңтүстік шығысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 20 тұрғын үй бой көтерген. Басқан ауылының тумасы 7 баланың анасы Қожахметова Самал жаңа жер үйдің иесі атанды. Бұндай қуанышты жаңалықты аудан әкімі Есім Сейілханұлы табыстады.


«Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі жеті баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Мұндай жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр аналарының көңілі тоқ болсын», — деді аудан басшысы.
Қуанышында шек болмаған Самал Тұрсынбекқызы өз тараптарынан аудан әкімдігіне шексіз алғыстарын жеткізіп, қуанышымен бөлісті.
«Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдім. Пәтер жалдап күн кештік. Баспана болмағандықтан балаларымды интернатқа оқыттым. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Аудан әкіміне, жалпы жұртшылыққа рахмет. Көп балалы ана деп ескеріп осындай жер үйдің кілтін табыс етіп отыр» деді батыр ана.


Жалпы аумағы 68,43 шаршы метрді құрайтын, 3 бөлмелі жаңа баспанада «Алтын алқа» иегері енді Мадияр, Данияр, Диана, Бейбіт және Алия, Ақбота, Жанарыс атты ұл қызарымен тұратын болады.
Жалпы ауданды Бүгінгі таңда 58 көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы үй кезегіне тіркелген. Оның ішінде 3-уі «Алтын алқа», 12-і «Күміс алқа» иегерлері.

Мәліметпен бөлісу: