Алматы облысындағы Ескелді ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 4Е «Eskeldi erlik pen enbektin eli» атты жастар фестивалі өткізілді. Жастар фестивалін 500-ден астам адам тамашалады.
Фестиваль барысында қызықты ойындар, тартысты спорттық додалар, қолөнершілер мен домбырашылардың өнерлері тұрғындар назарына ұсынылды.
Шара барысында аудан жастары стритбол, баскетбол, қол күресі, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, үстел теннисі мен асық атудан сайысқа түсті. Сондай-ақ, шығармашыл жандар тас жолда көркем сурет салды.
Фестиваль аясында тұрғындар арасында сәтті күн лотореясы ойнатылды. Бас жүлде иегеріне планшет сыйға тартылды.
Жалпы алғанда, 4Е «Eskeldi erlik pen enbektin eli» атты жастар фестивалі барысында 70-тен астам бағалы сыйлықтар мен алғыс хат пен дипломдар таратылды.
«Жастар фестивалінде Ескелді ауданының тұрғындарына тегін бауырсақ пен шай, тегін Wi-Fi таратылды. Өңір халқы бір серпіліп қалды. Мұндай фестивальдар елдің ішкі мәдениетін артыруға ықпал етеді. Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, бос уақытын тиімді пайдалануды көздеген шара келер жылы да жалғасын табады деген ойдамын»,- деді Ескелді ауданының әкімі Рустам Али.
Айта кетеу керек, фестивальдің соңында аудан әкімі Рустам Али Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында аймақ белсенділері мен блогерлеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.