Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақсу ауданы Қарашілік ауылдық округі Сағабүйен ауылындағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке ауылдық округ әкімі Ыдырыс Ғазизұлы, ауыл имамы, ақсақалдары барып, гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады.

31 мамыр — «Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні». Ақсу жерінде күніне жүздеген адам ашаршылықтан өлгені жайлы деректер аз емес. Оның бір айғағы- Сағабүйен ауылында жетім балалар үйінде оқыған 90 бала аштан өлген , белсенділер олардың сүйегін өзеннің жарқабағына әкеліп төккен. Аталған ескерткіш сол жазықсыз қуғын- сүргінге ұшырап, мәңгілік сапардан қайтпаған жандарға арналып тұрғызылған. Жиналғандарды ескерткіш алдында, 1 минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.

Qazaqstan30

Мәліметпен бөлісу: