
Ақсу ауданындағы №3 референдум учаскесінің алдында тұрғындар үшін сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынып, тұрғындарға түрлі азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды қолжетімді бағамен сатты.

Бұл бастама дауыс беруге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, референдум күніне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тұрғындар дауыс беріп болған соң жәрмеңкеге қатысып, қажетті өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
