25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Құрметті жерлестер!

25 қазан — Республика күні. Тәуелсіздігіміздің тұңғыш декларациясы қабылданған күн.

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтып, «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», — деді.

Иә, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

«Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды», — деді мемлекет бас- шысы. Бұл саяси мереке. Бүгін Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзімділігі, жет- кен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак- торлар әлемге паш етілуі тиіс.

Аудандық мәслихат, мәслихат депутаттары атынан барша ақсулық жерлестерімізді Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құтттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдыға қойған мақсаттарымызға жете берейік.

Бейбіт СҮЛЕЙМЕНОВ,

аудандық мәслихат хатшысы.

Мәліметпен бөлісу: