24 ҚАЗАН – КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ!

КІТАПХАНАШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Ақсу аудандық кітапханасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» тақырыбында кітапханашылар күні аталып өтілді. «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді да­мыту және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Н.Н.Қасымбеков, аудандық кітапхана директо­ры Э.Ж.Дүйсекова кітапханашыларды кітапхана саласын дамытуда зор үлес қосқаны үшін құттықтап, бірнеше «Алғыс хаттармен» марапат­тады.

Сондай-ақ, орталық кітапхана меңгерушісі Г.Тұрсынқызы және Көкөзек ауылдық кітапханасының кітапханашысы З.Бапышева облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет Грамо­тасымен» көп жылғы еңбектері еленіп, қоғамға қосқан үлестері үшін марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерден өтуге шығармашылық табыстар тілейміз!

Бүгін Қапал ауылдық округінде де Республика күніне орай мерекелік іс – шара өтті. Мерекелік шараға Қапал ауылдық округінің әкімі Жарылқасын Жалғас Жарасұлы қатысып, мере­кемен құттықтады. Қапал ауылының әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандарға «Алғыс хаттар» тапсырды.

Құрметті Қапал ауылының тұрғындары мей­рам құтты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Гүлшат ТҰРСЫНҚЫЗЫ,

аудандық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі.

МӘРТ ЖІГІТТЕР ӨНЕРІ

Мәліметпен бөлісу: