2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады.


ҰСБ-ның алдын ала деректері:
Өнеркәсіптік өндірісі. Нақты көлем индексі – 102,1%.

— Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.

Машина жасау. Өсім – 23,3%.
Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті.
Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.

Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ең жоғары өсім қарқыны келесі салаларда тіркелді:
құрылыс-114,5%,
көлік және қоймалау – 112%,
өңдеу — 109,9%,
сауда – 105,1%,
ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

https://t.me/presseconomy

Мәліметпен бөлісу: