2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат СҮЛЕЙМЕНОВ БЕЙБІТ ЖАҢЫЛЫСҰЛЫ №1 сайлау округі

САЙЛАУАЛДЫ

БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған

«ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

СҮЛЕЙМЕНОВ

БЕЙБІТ ЖАҢЫЛЫСҰЛЫ

№1 сайлау округі

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

      Мен, Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы, 1962 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша білім алдым . 2008 жылы У. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 1985 жылы Ақсу ауданының №18 кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып білім беру саласында бастадым. Ақсу ауданының «Агропромэнерго» аудандық шаруашылығы мен Ақсу ауданының Қаракемер қант кеңшарында инженер-электрик болып жұмыс істедім. Ақсу ауданының «Келешек» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметін атқардым. Ақсу кәсіптік лицейі директорының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім. «Ақсу қант зауыты» ЖШС бас энергетигінің орынбасары қызметін атқардым. Ақсу ауданының «Келешек» шаруа қожалығының басшысы болдым. 2016–2023 жылдары Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқардым. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келемін. Көпжылдық еңбек жолымда  мемлекеттік басқару, салаларында тәжірибе жинақтадым. Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.

Мен үшін басты мақсат – Жансүгіров және Алтынарық ауылдарын таза, қауіпсіз, көркейген әрі тұрғындар үшін қолайлы елді мекендерге айналдыруға үлес қосу.

Құрметпен, Сүлейменов Бейбіт

«Өркендеген ауыл – берекелі өмір!»

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

    2026–2030 жылдарға жоспарланған жобалар аясында 800 жаңа жұмыс орнының құрылуын бақылау. Жергілікті тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарының ашылуына жәрдемдесу.

2. ШАРУАҒА ҚОЛДАУ – АУЫЛҒА ҚОЛДАУ

    Ақсу ауданындағы шаруалардың жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділігін арттыру, суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселелерін шешу. Шаруаларды тұқым, жанар-жағармай және тыңайтқышпен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге ықпал ету. Ауыл шаруашылығы өнімдерін Көксу ауданының өзінде сақтау, өңдеу және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы шаруалардың табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал ету.

3. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

    Алтынарық ауылында Қаракемер орта мектебіне ағымдағы жөндеу  жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлдіруге ықпал ету.

Жастардың техникалық мамандықтарды меңгеруіне, кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жағдай жасау.

4. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

    Жансүгіров ауылындағы «Ақын Сара» атындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Жансүгіров ауылындағы Желтоқсан көшесі, 20А мекенжайында орналасқан спорт және балалар алаңдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге ықпал ету. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу.

5. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге, тұрғын үй кезегінің ашық әрі әділ жүргізілуіне және әлеуметтік осал отбасылардың баспана мәселелерін шешуге ықпал ету.

6. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

    Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылындағы Қабанбай батыр көшесіне (айналма жолдан Пушкин көшесіне дейін) күрделі жөндеу жүргізуіне ықпал ету.

7. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Ақсу ауданындағы барлық елді мекеннің орталықтандырылған ауызсу жүйелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін бақылауда ұстау. Тозығы жеткен су құбырларын жөндеу және жаңарту, ауызсудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, тұрғындардың сумен жабдықтауға қатысты мәселелерін уақтылы шешуге ықпал ету.

8. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

    Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

    Ақсу ауданының ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және интернеттің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Қоғамның дамуы әр азаматқа жасалған жағдаймен, адамға деген құрметпен және әлеуметтік әділдікпен өлшенеді. Көмекке мұқтаж отбасылар, ардагерлер, қарттар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар назардан тыс қалмауы керек.

Мен әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі, қоғамдық орындардың кедергісіз болуы және жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуы мәселелерін көтеруге басымдық беремін. Әрбір өтінішке құрметпен қарап, оның шешілу жолдарын іздеу маңызды.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Ұстанымым – тең мүмкіндік, әділ көзқарас және адамға деген құрмет.

Тұрғындардың сенімін ақтау үшін ашық диалог пен жауапты жұмысты басты назарда ұстаймын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Таралымы: 600 дана

Тапсырыс беруші: Сулейменов Бейбіт Жаңылысұлы                       

Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Мәліметпен бөлісу: