2026–2031 жылдарға арналған Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қасымов Азамат Саятұлы №6 бірмандатты сайлау округі

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған

Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат

Қасымов Азамат

Саятұлы

№6 бірмандатты сайлау округі

Құрметті сайлаушылар!

                Мен, Қасымов Азамат Саятұлы, 1984 жылғы 7 желтоқсанда Талдықорған облысы Ақсу ауданының Ақсу ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрамын.

2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2008 жылы Ақсу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында іс жүргізуші және шаруашылық меңгерушісі қызметтерінен бастадым.

2008–2009 жылдары Молалы кенттік округі әкімінің аппаратында бас маман – іс жүргізуші болып жұмыс істедім. 2009–2012 жылдары Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман – іс жүргізуші қызметін атқардым.

2012–2013 жылдары Құрақсу ауылдық округінің әкімі болдым. 2013 жылы Матай кенттік округі әкімінің аппаратында бас маман – іс жүргізуші қызметін атқардым. 2013–2015 жылдары Суықсай ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істедім.

2015–2020 жылдары Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқардым. 2020–2021 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болдым.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары қызметін атқарып келемін.

Кәсіби қызметім аясында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы міндеттерді іске асыруға белсенді қатысамын. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіріп, басшылықтың тапсырмаларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қараймын.

Құрметпен, Қасымов Азамат Саятұлы

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

— Шаруалардың жеңілдетілген несиеге, мемлекеттік субсидияларға және өзге де қолдау тетіктеріне қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

— Суармалы жерлердің тиімді пайдаланылуына, каналдар мен суару жүйелерінің жөнделуіне және су үнемдеу технологияларының енгізілуіне қолдау көрсету.

— Шаруашылықтарды сапалы тұқыммен, тыңайтқышпен, жанар-жағармаймен және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.

— Қант қызылшасы, жүгері, дәнді дақылдар, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қолдау көрсету.

— Аудан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, өңдеу және өткізу нысандарын ашуға, кооперативтер құруға және жергілікті өнімнің нарыққа шығуына ықпал ету.

— Шағын шаруашылықтардың бірігіп жұмыс істеуіне жағдай жасап, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету.

 

2. «КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫСА – АУЫЛ ДАМИДЫ!»

1. Шағын бизнес: кәсіп бастаушыларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат пен кеңес алу мүмкіндігін кеңейту.

2. Жаңа жұмыс орындары: жергілікті өндіріс пен қызмет көрсету саласын дамытуға ықпал ету.

3. Ауыл өнімі: жергілікті өнімдерді өткізуге арналған жәрмеңкелер мен сауда алаңдарын қолдау.

4. Отбасылық кәсіп: ауыл тұрғындарының шағын өндіріс, қолөнер және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіптерін дамытуына жәрдемдесу.

5. Әділ мүмкіндік: жергілікті кәсіпкерлердің аудандық жобаларға қатысуына қолдау көрсету.

ҰСТАНЫМЫМ: КӘСІПКЕРГЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛСЕ, АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫ НЫҒАЯДЫ.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ақсу ауданының берекесі – жерін игеріп, малын бағып, маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген еңбек адамдарының еңбегінде. Шаруаның жағдайы жақсарса, ауылдың экономикасы да нығаяды.

Сондықтан ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді назарда ұстап, шаруалардың ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізуге, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерінің қолжетімді болуына ықпал етуге дайынмын. Еңбек адамының үні естіліп, оның мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс.

Мен үшін шаруаға қолдау көрсету – ауылдың ертеңіне қызмет ету.

Ортақ мақсатымыз – еңбегі бағаланған, тіршілігі берекелі Ақсу ауданын дамыту.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Мәліметпен бөлісу: