Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, тату-тәтті, тәрбиелі шаңырақ мүшелерін көпшілікке таныстыру. Ел ішінде ауылдастарының құрметіне бөленген, ардақты, берекелі әулеттер, өнегесі мол отбасылар баршылық. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаған Ж. Омар жүлдегерлерді марапаттап, сый-сияпаттар тапсырды.
Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сәуір айының 11-ші жұлдызынан бастау алған қабылдаудан аудан көлемінен 8 отбасы қатысып, 4-і іріктеліп, облыстық байқауға жіберілді. Солардың ішінен 2 отбасы облыстық кезеңге өтті. Атап айтсам: Құрмановтар отбасы – спорт пен салауатты өмір салтын қатар ұстанған әулет болса, ал екіншісі Жұматаевтар отбасы- кәсіпкерлік пен парасатты өмір салтын қатар ұстанған әулет. Жалпы, байқаудың алғашқы кезеңінде Алматы облысы бойынша 290 отбасы қатысса, солардың 38-і қазылар алқасының жоғары бағасын алып, облыстық байқауға жолдама алған. Жыл отбасы атағына көп балалы отбасылар, еңбек, спорт әулеттері, шығармашылық отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер әулеттері және басқа да үлгілі шаңырақтар үміткер болды.