Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің «Әскери міндеттілер мен шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтар айындағы №28 бұйрығы негізінде, қаңтар – наурыз аралығында Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде тіркеу жылында 17 жасқа толған, (2004 жылдың қаңтар айының 1 – нен 31 желтоқсан айына дейінгі аралықта туылған) ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізіледі.
Шақыру учаскесіне тіркелуге келген азаматтар алғашқы дәрігерлік комиссиядан өткізіліп, талап етілген құжаттарына сәйкес әскери есепке алынады. Әр мекемеден, ұйымнан, тұрғылықты жері бойынша алынған тізім арқылы тіркеу жасына дейінгі азаматтарға салыс- тыру жүргізіліп, тексеріледі.
Әскери есепке алудың негізгі міндеттері — Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруда олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, білімін, дене даярлығымен қоса, сапалық құрамын айқындау болып табылады.
2004 жылы туылған ер азаматтарды және бұрын — соңды әскери есепке тұрмаған азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркелуден қалмай, уақытылы тіркелу талап етіледі.
Сондай-ақ, азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезінде, жеке құрам ішінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шаралары қадағалануда. Заң талаптары, оның орындалуы ұдайы жеткізілуде. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс. Қоғам, бүкіл әлеумет, әр азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешім қабылдауға тиіс, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейтіні анық. Болашақ ұрпақты да, біздің Отан қорғаушыларымызды әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу біздің парызымыз.
АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ.