Алакөл ауданы, Көктұма ауылының №67 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған сайлаушы Айтхан Сандуғаш алғаш рет, алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне дауыс берді.
Алғаш рет дауыс беруші Айтхан Сандуғаш: “Бүгін Қазақстан үшін маңызды шешім күн. Әсіресе, біздің болашағымыздың жарқын болуына әсері мол. Барша жастар ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасайтынына сенімім мол” — деді.
Ең жас алғашқы дауыс беруші ретінде Сандуғашқа арнайы сыйлық тарту етілді.