18 жасқа толған алғашқы сайлаушыға сыйлық табысталды

№ 15сайлау учаскесінде 18 жасқа толған және алғаш рет дауыс берген алғашқы сайлаушы Мұқан Нұрсұлуға арнайы сыйлық табысталды.

Аталған акция азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруға деген қызығушылығын арттыру және жастардың сайлау процесіне белсенді қатысуын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Алғашқы рет дауыс берген жас сайлаушыға азаматтық белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!

Мәліметпен бөлісу: