
Ақсу ауданындағы №15 референдум учаскесінде 100-ші дауыс беруші болып Мырзагалиева Ермек тіркелді.
Мерейтойлық дауыс беруші ретінде ол учаскеге келіп, референдумда өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді. Учаске мүшелері тарапынан оған ерекше көңіл бөлініп, алғыс білдірілді.
Аудан бойынша референдумға тұрғындардың келуі белсенді түрде жалғасып, азаматтар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.
