1167 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмысын тоқтатты

Оқытушылардың жалақысы қысқармайды.

Бекітілген шарттық келісімге сәйкес  педагогтердің еңбек ақысы толығымен төленетін болады.Колледж және университет студенттерінің мемлекеттік степендиялары ай сайын  беріледі. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Қазақстан Республикасының президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтің  мемлекетімізде төтенше жағдай  жарлығын орындау мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің,  педагогтардың  білім беру ұйымдарының  басқа да қызметкерлердің өмірі мен  денсаулығын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында  Алматы облысының білім беру ұйымдарында  26 наурыздан бастап  облыс бойынша барлық  1167 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі уақытша тоқтады.16 наурыздан бастап қосымша білім беру ұйымдарының  жұмыстары да тоқтатылған. 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқыту режиміндегі жұмыс  бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тәртіппен жалғастырылатын болады. Облыста 40 қосымша білім беру мекемелерінде барлығы 18 435 оқушы және 971 мұғалім бар. 16 наурыздан 799 мұғалім ақылы еңбек демалысына шыққан. Арнайы білім беру ұйымдары бойынша ерекше  бақылауды қажет ететін балаларға  жеке көңіл бөлінуде.Алматы облысында  жеке арнайы интернат бар.Интернаттағы бала саны 935. 16 наурыздан бастап  колледждер қашықтықтан оқыту режиміне көшті. Қашықтықтан білім беру технологиясы  68 колледжге енген. Колледждер 8 автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге  қосылған.

«16 наурыз-5 сәуір аралығында мектепте білім алушылар  көктемгі демалыс ұйымдастырылған болатын.Осыған сәйкес, 6 сәуірден бастап  облыстағы барлық білім мекемелері қашықтықтан оқу режиміне көшетін болады. Облыстың тәжірибелі мамандарынан құрылған педагогтардың  ассоцациясы 1-11 сынып оқушылары үшін 1 аптада 165 видео сабақ  түсіріп  You tube каналына  орналастырды.Бұл сабақтарды мұғалімдер мен оқушылар ресурс ретінде пайдалана алады.Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы — Сәуле Нұраханқызы.

Қашықтықта оқытуға байланысты  облыстағы 7000-нан астам мұғалімге Алматы  қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы мен бірлесіп вебинар ұйымдастырылуда. Мектептерде қашықтықтан оқытуды  ұйымдастыру облыс бойынша 3 бағытта жүргізіледі.Теледидар , интернет  платформалар арқылы және   арнайы дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдаушылардың көмегімен жүзеге асады. .Облыс бойынша 760 мектепке 411 36 оқушы білім алады.Оның 380 575 оқушысында  копьютерлық техникалар бар. 372 186  оқушы интернет желісіне қосылған .Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес  мектептердегі  50 453 копьютерлік техникасының бүгінгі күні 10 461 копьютері оқушыларға уақытша пайдалануға берілді.1 сәуірге дейін  40,8 млн теңгеге 159 копьютер сатып алынды.238 млн теңге көлемінде  1409 копьютер және 64 басқада техникалар сатып алынды. Бүгінгі күні теледидар арқылы оқытумен  185 194 оқушы қамтылады.Кері байланыс  почта және еріктілермен қағаз тасымалдағыш месенжерлермен іске асылады.225 мың 669 оқушы интернет желісі арылы  қамтылады деп жоспарлануда.Оқушылармен кері байланыс  күделік және whats app арқылы жасалатын болатынын айтты жауапты маман. Аудан орталығынан шалғай орналасқан білім алушылар  мен ұстаздарға «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы  сабақ  өткізіледі. Алайда өңірдің шалғай елді-мекендерінде «Балапан»,  «Еларна» телеарналары  қолжетімсіз болғандықтан Жетісу телеарнасынан жоғарыдағы 2 телеарнаның теле көрсетімділері эфирден беріледі.Облыс  бойынша 173 оқушы тапсырмаларды қағаз форматында алады екен.Жаркент қаласында жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған  интелектісі бұзылған балалдарға арналған арнайы мектеп-интернаттың 35 баласы шарттық тәртіп бойынша оқытылады.Қалған 6 білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшірілді.Ондағы 890 бала whats app  мүмкіндіктерін пайдалана алады. 10 балаға медициналық тұжырым негізінде интернет немесе  басқа да мүмкіндіктерді пайдалана алмауына байланысты оқу тәртібі почта арқылы жүргізілерді. Облыста 41397 педагог қызмет атқарады.Мұғалімдерге толығымен копьютерлер берілді.139 мың мұғалім интернет желісіне  қосылды.Ұстаздарға уақытша болдануға 1992 копьютерлер берілген.Интернет желісі жоқ елді-мекенде тұратын мұғалімдер  2258 еріктілердің көмегімен жұмыс жасайды.

Мәліметпен бөлісу: