Алматы облысының 1000-нан астам кәсіпкерлік субъектісі Үкіметтен қолдау шаралары бойынша сауалнамаға қатысты.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бір ай ішінде қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды. Сондықтан Ұлттық палата кәсіпкерлерге онлайн сауалнаманы іске қосты. Сауалнама 15 ақпанға дейін жалғасады.
«Сауалнама нәтижелері мен кәсіпкерлермен талқылауларға негізделе отырып, Ұлттық палата ҚР Үкіметінде қарау үшін шағын және орта бизнесті қолдау шараларын ұсынатын болады. Бұл жауаптар кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалауға, бизнес проблемаларын жеткізуге және одан әрі қолдау шараларын әзірлеуге көмектеседі», — деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаев.
Сауалнама онлайн режимінде ҰКП сайтында, сондай-ақ Алматы облысы ӨКП әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.
Сауалнама сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZh_v6pl7ycO_Qhmh68w_EggtZf1Hk1wkZuU6BaexqjDmLjQ/viewform