
Құрметті жерлестер!
Сіздерді «Nur Otan» партиясы күнімен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде біз Елбасы, партиямыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанды сенімді түрде алға жылжу үшін, Тәуелсіздігіміз нығая түсу үшін, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін, барлық қазақстандықтардың игілігінің арта түсуі үшін жұмыс жүргізудеміз. Осы уақытта жеткен жетістіктеріміз катардағы партия мүшелерінің әр күнгі қажырлы еңбегінің арқасы.
Барлық партия мүшелері мен аудан тұрғындарына татулық пен бақ — береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін!
К.ДӘУЛЕТБЕКОВА,
аудандық партия филиалы төрағасының І-ші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.