Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа – дегендей, әр жасаған жақсылықтың бір қайыры болары хақ. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза»,-дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басары акциома.
Жылы жүрек жомарт қол азаматтар-дың арқасында тек қана қоңыр төбел отбасыларға ғана көмек көрсетумен шектелген жоқ. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде 2017-2018 жылдары 19 әлеуметтік жобалар жос-парланып, бүгінгі күнге 6 жоба іске асырылды. Өз туған жерлерінің көркеюіне де метцанаттық көмектер көрсете білген атымтай жомарттар жетерлік. Атап айтар болсақ, меценат Ильяс Жуанышев «Арай» балабақшасы, балалардың қуанышына 2017 жылы мемлекеттік жекеменшік серіктестік бойынша 150 млн. теңге қаражатқа салынды. 50 орынға арналған, 2018 жылы 50 орын қосылады. Сонымен қатар аудан әкімінің бастамасымен қайырымды жандардың арқасында 8 пәтерлік үй кәсіпкерлер күшімен күрделі жөндеуден өтіп, 8 мұқтаж азаматтарға уақытша яғни мемлекеттен бөлінетін тұрғын үй кезегі келгенше тегін тұруға берілді және Сәтбаев мектебінде полиция генерал-майоры, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ІІ-дәрежелі Айбын орденінің, ІІ-дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» Оспанов Асқар Шуашұлы өз қаражатынан 307-ші тарих кабинетінің терезесіне жалюзи, сыныптың өзіне люстралар, проэктор, экран, компьютер және тарих, құқық, дінтану пәніне арналған тақырыптық және сынып жұмысына арналған стендтерді жаңа оқу жылының басында кабинетке орнатса, тағы да тоқталмай, Асқар Шуашұлы 1 тамыздан бастап осы мектептің спорт залын күрделі жөндеуден өткізіп, сонымен қатар спорттық жабдықтарды ауыстыру, душ кабиналарын орнату және мектеп оқушыларына арналған дәретхананы салуды 10 млн. теңгеге осындай әлеуметтік жобаны жоспарлап отыр. Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында мектеп ауласын көгалдандыруға байланысты жеке кәсіпкер, мектеп түлегі С.Дауытов бастаған түлектердің демеушілігімен 350 мың теңге қаражатқа 50 түп қарағай, тұя, арша, шырша ағаштары отырғызылып, «Мәңгілік ел» аллеясы ашылды. Аудандық маслихат депутаттары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен аудандық ардагерлер үйін күрделі жөндеуден өткізу басталды. Әңгіменің өзегін басқа арнаға бұрар болсақ, 1 — маусым Халықаралық балалар күніне орай орталық аланда мүмкіндігі шектеулі балалар жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, балалар жасаған бұйымдарды алаңға жиналған көпшілік қауым тамашалаумен қатар балаларды қолдау үшін бұйымдарын сатып алды. Жалпы көрмеге 134 (жүз отыз төрт) бұйым қойылып, оның ішінен 47 (қырық жеті) бұйым 175 (жүз жетпіс бес) мың теңгеге сатылса. Осыдан 40 жыл бұрын салынған. Қарасу ауылдық округі, Тарас ауылындағы елге қызмет көрсету ғимаратын биыл аталмыш ауылдың тұрғыны Мақашев Тасқын Төлегенұлы іші – сыртын қырып, сылап, есік-терезелерін ауыстырып, күрделі жөндеуден өткізіп берді. Жас кәсіпкер Назым Мұсабекова «Үшкөл» көлдерінің кебуіне жол бермеу үшін көлдің флорасы мен фаунасын қорғау және аймақты экологиялық таза бағасы қолжетімді балықтармен қамтамасыз ету мақсатында балық шаруашылығын дамытуда. Тағы да бір ерекше айта кетер жағдай аудан орталығындағы талай жылдар бойы қараусыз қалған, 5 қабатты 2 тұрғын үй Сабыр Қадырдың демеушілігімен күрделі жөндеуден өткізіліп, үй кезегінде тұрған 50 отбасына пәтер берсе «Тасымал» ЖШС – ң басшысы Жолдогутова Жанат Жақыпжамалқызы өз қаражаты есебінен Алматы — Ойтоған, Суықсай — Алматы бағыттарында көлік қатынасын қолжетімді етуге себепші бола білді. мені бұның барлығы аудан атқа мінерлерінің еселі еңбегі деп білеміз. Еске сала кетер болсақ, осыдан үш – төрт жыл бұрын аудан басшысы Әділбек Егеубекұлы бастама жасап «Туған жерге туың тік» деген атпен өңірімізден шыққан кәсіпкерлердің басын қосып, кіндік қаны тамған жерлеріне үлес қосқандары айтылған болатын. Жоғарыдағы істелген шаруалардың барлығы соның жемісі деп білеміз.
Айтар ойды басынан бастар болсақ жуырда «Ақын Сара» мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары А.Сабырбаевтың басшылығы және аудандық тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Азаматтарды өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және ерікті іс-шараларға ынталандыру жолымен тұрғындар бойына туған өлкенің, елдің, халықтың тағдырына деген жауапкершілік сезімін нығайту жағдайларын жасауға көмек қолдарын создыру мақсатында «Жомарт жүрек» атты тақырыпта форум өтті.
Оған аудан және ауыл әкімдерімен қатар өңіріміздегі кәсіпкерлер және мекеме басшылары қатысты. Салтанаты мен сәні келіскен шарада мінберге көтерілген аудан әкімі Ә.Далбағаев туған жерге туын тігіп, туған жерін көркейтуге атсалысқан азаматтарды істеген істерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына аяқтарынан тұру үшін мемлекет аз көмек жасамағанын, енді сол азаматтардың туған жерлеріне аз да болса үлес қосу керектігін тілге тйек етті. Сонымен қатар жарлыны жарылқап, сүрінгеннің қолтығынан демеп, қиналғанның қасынан табылып көмек көрсете білген кәсіпкерлер Нарышева Бағлан Егеубекқызы, Абдрахманова Нұргүл Исатайқызы, Игіліков Болатхан Кәкенұлымен қатар әрқашан жақсылықтың басы қасында жүретін аудандық мешіттің имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлын марапаттады. Артынша сөзге шыққан аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы С.Қорғанбаев мецанаттық қасиет Маман атамыздан жалғасқаны һам жомарттық қасиет Ақсулықтардың қанында бар екенін айта келе, келесі жылы қазақтың құлагер ақыны І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойының өтетіні жайында әңгіме өрбіте келіп ауданымызда бірден – бір қайырымдылық қоры аталмыш ақын атындағы қордың Қызылағаш ауылын тасқын алғанда қандай көмек бергенін айта келе, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын қорға өз үлестерін қосуға шақырды.
Сондай — ақ, форумда мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме ұйымдастырылды және оркестрден күмбірлі күй төгілумен қатар «Молықбай» атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған сәтсіз отбасы туралы қойылым сахналанды.
Әрмен қарай арнайы жайылған дас-тархан басына жайғасқан қауымды Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Қ.Жағпар аудандық мәслихат хатшысы Б.Жаңылысұлы бастаған бір қатар ауыл әкімдері мен кәсіпкерлерге сөз кезегін берді.
Кенжебек ӘКІМБЕК.