Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары, жер иегерлері және шаруа қожалық басшылары! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «СЫН- ДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты халыққа Жолдауында «Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс деп айтып кетті. Президентіміздің жолдауындағы айтылған мәселені ескере келе, Сіздерге келесі Заң талаптарын баян- даймын:
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92-бабының 3-тармағында «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады» делінген.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92-бабының 4-тармағында Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пай- даланбау жағдайларына:
1). егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілмеуі;
2). шабындықтарда – жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;
3). жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы және (не- месе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
4). көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жи- нау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 338-бабы бойынша Жерді пайдаланбағаны үшін айыппұл көзделгенін және жерді пайдаланбағаны үшін жерге салынатын салық мөлшері 10-нан 20 есеге дейін көбейетінін ескертемін.
Құрметті Ақсулықтар! Айта кететін мәселе ауданы- мызда көптеген азаматтар жерлерін пайдаланбауда, сондықтан да Сіздердің тараптарыңыздан жоғарыда аталған Заң бұзушылыққа жол берілмеуі керек! Ол үшін егістік жерлеріңізге егін егу, шабындықта – шөп шабу, жайылымдарда – мал санын көбейту, өз аттарыңызға мал тіркеу, көпжылдық екпелерді күтіп ұстау қажет.
Егер Сіз өзіңізге тиесілі жер учаскесін мақсатына сай пайдалана алмайтын болсаңыз, онда Сіз нотариалдық түрде өз жеріңізді аудан қорына қайтара аласыз. Ол үшін аудандық жер қатынастар бөліміне жолығуыңызға болады.
Дархан ҚОЖАБЕРГЕНОВ,
Ақсу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік жер инспекторы.