ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС БОРЫШЫМЫЗ!

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат пен қоғамдық бәсекелістік пайда олған жер­лерде тамырын жайым, бүгінге дейін жойылмай отырған ауыр кесел. Бұл дерт дамыған ел­дерге де, біздің мемлекетімізге де зор қауіп төндіріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен са­пасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолда­рын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жал­пы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салала­рында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекет­ке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез кел­ген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қазіргі кезде «Пара бер­сем, мен жазаланбаймын, пара алушы ғана жазаланады»,–де­ген тұжырымдама қалыптасып келеді. Бұл – Қате! Пара алушы да, пара беруші де жазалана­ды. Сондықтан да, пара алу­шыны ғана емес, пара берушіні де жемқор, қылмыскер ретінде қарап, әр адам пара бермей, өзінен бастауы қажет.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға бола­ды.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық бо­рышы деп білу керек.

Н.ЖАЗЫЛБЕКОВА,

аудандық сотының бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: