ЖАҚЫНДАРЫМЫЗДЫҢ ТЕРРОРИЗМНІҢ ЖОЛЫМЕН ЖҮРУЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК

Діннің атын жамылған жат ағымдардың құрығына діни сауа­ты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар, қиындық көріп жүрген жастар алданып, түсіп жатыр. Оларды Отанына, отбасына, дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт — дәстүрімізге қарсы қояды. Өздерінің істеген әрекеттерінің дұрыс екенін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, адамдардың санасын улап, теріс идеология таратады. Ал, бауырмалдылыққа баулитын шынайы діни жол ешқашанда зұлымдық пен әділетсіздік бой алдыруға, адам баласын жазықсыз өлтіруге жол бермейді.

«Бұрындары терроризм біздің елге жат ұғым еді. Қазіргі күні жағдай өзгеріп, қазақстандықтар да ел бірлігін, тыныштығын бұзуға бағытталған жат ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Ер мен әйел адамдар, тіпті балалар да әлемдегі тепе — теңдікті бұзуға арналған қауіпті шаралар мен соғыстарға қатысуда. Жақындарымыздың терроризмнің жолымен жүрулеріне жол бермеуіміз ке­рек. Адам дүниеге басқа біреудің өмірін қию үшін келмейді. Бұл ұғымды әр адам жастайынан са­насына сіңіруі қажет. Қоғамда, халық арасында адамгершілік пен бейбітшілікті нығайтып, мейірімге толы қарым — қатынасты күшейтуіміз керек. «Терроризм — әлемге, адамзатқа төнген қауіп! Адамзат осы қауіппен бірлесіп күресуі тиіс. Ислам дінінің терро­ризммен ешбір байланысы жоқ.

Діни экстремизм мен терро­ризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қызметін ғылыми — әдістемелік қамтамасыз ету дамытылуда. Қазақ елі — дүниежүзіндегі бейбітшілікті, татулықты, тұрақтылықты қастерлейтін бірден — бір мем­лекет, сондықтан да тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті ту етіп, әлемнің түкпір — түкпірімен саяси, мәдени, рухани, достық қарым — қатынас орнатты. Сол үшін интернеттен көргенін жасай­тын жас сана үшін жақсы, сана­лы саясат керек. Дәстүрлі Ислам дінінің қағидаттарын әр азамат дұрыс меңгеруі қажет. Жасөспірім жастар дінді өзгеден емес, отба­сынан үйренгені абзал.

А.ТҮСТЕБАЕВА,

Көшкентал ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: