Туған ауылын түлеткен

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  халыққа  ұсынған «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласында  туған  жерге  ерекше  назар  аударып, кеңінен  тоқталып өткен.

Тұңғыш Көшбасшымыз  «Туған  жерге туыңды тік»  атты  жобасында — әр  адамның  кіндік  қаны  тамған жеріне,  өскен  ауылына  сүйіспеншілікпен  қарау  керектігін  айтып  кетті. Жалпы  ауыл  әр  қазақтың  түбінде  бір  айналып  соғып, ат  байлар  темірқазығы, бақытты  балалық  шағын есіне  алар алтын  бесігі  ғой. Ендеше  туған  жер, өскен  ауылының ертеңіне  алаңдау  сол  өңірден  шыққан кез  келген   перзенттің  міндеті  болса  керек. Талай  танымал тұлғалар, билік  басындағылардың басымы осы  тал  бесігіміз  ауылдан түлегендер, ауылдың  тәрбиесін көргендер.

Жастайынан еңбекке  ерте  араласып, туған жеріне, еліне адал  қызмет  етуді  азаматтық  парызы  санап, өз  кезегінде абыройлы  қызмет  жасай  білген, қарапайымдылық пен  адамгершілікті басты  мақсат  еткен  өзгелерге қол  ұшын созып,  көмек  көрсетуге дайын  тұратын  жандар арамызда  баршылық.Сондай  азаматтардың  бірі   Ұлы  Отан  соғысының   ардагері  Амиров  Кенжебай  атамыздың  баласы,  белгілі  меценат, Талдықорған  қаласындағы «Көк  төбе»  шаруа қожалығының  басшысы  Амиров  Мұсеке  Кенжебайұлы. «Туған  жерге  туыңды  тік»  деген  Елбасының  киелі  сөзін  қолдап,  ертерек  орындап, ауыл  халқына   көмектесіп, азаматтықтың  жарқын   үлгісін  көрсетіп   жүргенін  бүкіл  өңір  жұртшылығы  біледі. Елбасының  «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  өткізілген     2018 жылы    16 мамыр  күні  Т.Тоқтаров  атындағы  орта  мектептегі «Ауыл  тарихы  — ел  тарихы»  атты  ғылыми  конференцияда  Ауылымыздың  өткені  мен  бүгінгісі  деген  тақырыптағы  өткізілген  шараларға демеушілік  көрсетіп   қаржылай  көмек  берді. «Жақсының  жақсылығын  айт  нұры  тасысын» дейді  дана  халқымыз. Жақсылық  пен ізгілікті  иманды  жаннан  ғана  күте  аласың. Ауылға  көптеген  игілікті істер жасап, көпшіліктің ықыласына  бөленіп  жүрген  жан. Мұсеке  Кенжебайұлы 2012  жылы  9 қараша  күні  Сағабүйен    ауылына   мешіт  тұрғызып,  ел  игілігіне  жаратқан  болатын. Қаржысының  көптігінен  емес, пейілінің  кеңдігінен  көмек  сұраған  адамдардың қолын  қайтармай,  әркез   көмектесіп  жүреді. Қайырымдылық  мақсатында  да  өзгелерге өнеге  боларлықтай  жұмыстар  атқаруда. Халықтық  қайырымдылық  іс — шаралардың да  ортасында жүрді. Қазақстанның  қабырғасын  қайыс-тырған  2010 жылғы  11 наурыздағы   Қызылағаштағы  тасқыннан  зардап шеккен   ауыл  тұрғындарына  құрылыс   материалдарымен, көмір, азық – түлік  түріндегі   көмегін   аяған  жоқ. Әлеуметтік  жағдайы  төмен  және  көп  балалы  отбасыларына Талдықорған қаласындағы балалар  үйіндегі   тәрбиеленушілерге  ұзақ  жылдар  бойы демеушілік  көрсетіп  келеді. Сағабүйен  ауылынан   көптеген  өнер  мен  спортқа  еңбек  сіңіріп, биіктерден  көріне  білген   қайраткерлерміз  көптеп  саналады. Солардың  бірін   атап  айтар  болсақ:

Т.Тоқтаров  мектебінің   мақтаныштары болған спорт  шеберлері  Амантай  Сұлтан Саятұлы   1998 жылы  туылған. Еркін  күрестен ҚР – ның   екі  дүркін жеңімпазы  жасөспірімдер арасында Халықаралық  жарыстардың  жеңімпазы. Үндістан мемлекетінде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Спорт  шебері. Кәдірсейіт  Еламан  Болатұлы  2000 жылы  туылған. Еркін  күрестен   жасөспірімдер  арасындағы ҚР-ның  төрт  дүркін  жеңімпазы   Олимпиада  ойындарының   үш  дүркін жеңімпазы  аты  аңызға  айналған – Ресей  спортшысы  Бувайсар  Сайтиев атындағы  халықаралық жарыстардың  жеңімпазы Тайланд  мемлекетінде  өткен Азия  чемпионатының  күміс  жүлдегері. Спорт  шебері. Жаттықтырушысы  Әбілқасымов  Ілияс.Амиров  Мұсеке  ағамыз    ауыл  мақтаныштары  болған  спортшыларға  әркез   жеңістің  төрінен  көріне берулеріне  тілектес  болып,  демеушілік  көрсетіп  келеді. Сағабүйен  ауылындағы  «Рақым Тәжібаев» атындағы  мәдениет үйінде «Ақ  әжелер» ансамблі  бес  жылдан  бері жұмыс  істейді. Құрамында он  адам бар.Ансамбль  жетекшісі  Қызайбаева  Раушан. Әжелеріміздің   сахналық  қойылымға    шығатын      костюмдерінің   сәнді болып   көпшіліктің   көңілінен  шығуы  да  Мұсеке   Кенжебайұлының  демеушілігінің   арқасында    жүзеге   асты  деп   білеміз. Ауыл  тұрғындарының  көрікті  әрі  тегіс  көшелермен   жүруі  үшін де   ағамыз  Сағабүйен, Сағакүрес  ауылдарының    көшелеріне    асфальт  төсеттіріп  берді.  

2018 жылы   28 қазан  күні   Т.Тоқтаров  мектебін    50  жыл  бұрын  бітірген  түлектер    Мұсеке  Кенжебайұлы  сыныптастарымен  бірге  өздерінің  туған   ауылындағы  мектебіне  келіп  кездесу   ұйымдастырды. Ұстаздармен, мектеп  оқушыларымен  кездесті. Оқушылардың құттықтаулары  мен  өнерлерін   тамашалап,  ризашылықтарын  білдірді.   Кездесу   соңында  оқушыларға  келген   қонақтар   роботтарды    сыйға   тартты. Мектепте информатика пәнінің мұғалімі Р.Б.Көкежанова оқушыларға роботтың қыр-сырын үйрете отырып, қызығушылықтарын оятты. Еңбек   жолы,  шынайы болмысы, сіңірген   еңбегі  көпке  үлгі  боларлықтай тынымсыз   еңбегінің  нәтижесінде көптеген  марапаттарға  ие  болды. 2011 жылы  Ақсу  ауданының «Құрметті азаматы», 2012 жылы «Құрмет» орденімен  марапатталды.

Имандылықты   пір  тұтқан  бауырымызға  атқарып   жатқан  жұмыстарына   табыс, қайырлы  ғұмыр, отбасына жақсылық  тілейміз. Қайырымдылық   мақсатында жүзеге  асырып жатқан жұмыстары  замандастарына,  жастарға үлгі  боларлықтай  дейміз. Сөзімді  Сағабүйен  ауылындағы  мешіттің  ашылуы  салтанатында  арнау  жолдаған  ауыл  тұрғыны: 

Бисмилла  деп  бастайын  сөздің  басын,

Армысыздар  жиналған  кәрі-жасым.

Алыстан  ат  арттырған   азаматтар,

Мұсылманым, туысқан   қарындасым.

Мешіттің  ашылуы  құтты болып,

Қара ормандай  халқымның 

                                         бағы  жансын.

Алланы  ауызға  алған  әрбір  жанның,

Жүрегінен  иманы  арылмасын.

Шын  ниетпен  бас   қосқан  муминдердің,

Тілектері  илаһи  қабылдансын.

Ел үшін  оза  шапқан  тұлпарлардың,

Тұяғы  кетілмесін, жаңылмасын.

Біз  қазақпыз — Қазақстан  ел  деген,

Ерегескен  елге ерік  бермеген.

Қаншама  жұрт  өзге  дінге  теліді,

Сондадағы  азғыруға  көнбеген.

Осы  дінмен  қаншаларға шуақ  боп,

Осы  дінмен қаншалары  жерленген.

Алпауыт  ел  қанша арбап  жатса да,

Сеніміме   селкеу түсіп   көрмеген.

Қазақтың  әлі  талай  қонар  бағы,

Күнім  жарық, тәуелсіздік  оралғалы.

Тілеген  тілектері  қабыл  болып,

Жамағат  орындалсын  ұлы  арманы.

Үш бірдей  атамыз  бар  қажы  атанған,

Ол  дағы көшіміздің  оңалғаны.

Халықтың  күні  жарық, көңілі  қарық,

Бұл  күнді  халқым қанша  армандады.

Жиырма  жылда  төрт  түлігі  сай  болды,

Нұрағам  қазағымның  қонған  бағы.

Осындай  ұлы  істердің  басындағы,

Патшамның  елге  басшы  бола  алғаны.

Бас  қостық  қазағымның ордасында,

Бұл  қуаныш  жалғассын  сан  ғасырға.

Жарқырап  сары  мешіт бой көтерді,

Жарасып ауылдың  дәл ортасында.

Бұл  бақыт  тек  Алланың  қалауымен,

Жомарт  бай Мұсекенің  арқасында.

Кенжебай  атамыздан  ұл туыпты,

Ақша емес, иман жиған  қалтасына.

Құнанбай  атамыздан үлгі  алған,

Ер  мінезді Мұса аға қорғансын ба.

Ел десе  ер осындай  жомарт  болар,

Халықты  ортақ  қылған  олжасына.

Пенде  көзі тірісінде  неге  тояды,

Дүниеқорлар  нәпсіні  қалай  жояды.

Сан   соғып қалма,  қолда  барға 

                                           мастанып,

Адам  деген  бес  күндік  өмір  қонағы.

Байлық, мансап  мұсылман  саған 

                                                қол емес,

Біреуден  ұшып,біреуге  барып  қонады.

Ал  пәниден  иман  жинап  аттансаң,

Бақида  саған   сол  ғана   азық   болады!

Қ.С.Шангереева,

 Т.Тоқтаров  атындағы  орта  мектебі,

мектепке дейінгі  шағын  орталығымен 

мемлекетік  мекемесінің  тарих, құқық  пәнінің мұғалімі.  

Мәліметпен бөлісу: