Тәуелсіздік жайлы жазсам, тосын жыр,
Қуаныштан құшақтасын, досым гүл.
Мәрт елімнің асқақтаған арманы.
Болып қапты — ау, толып қапты — ау 30жыл.
Асқақ арман ары асып, көк белден.
Батыр бабам қиындықты көп көрген.
Талай — талай белестерді еңсеріп,
Тәуелсіздік айналайын қошкелген.
Аулақ кетсін, жуымасын қазір мұң,
Тәуелсіздік жүрегіме жазылдың.
Өн бойымда бір тамшы қан қалғанша,
Ұлы Отанды күзетуге әзірмін.
Күндіз күлкі, түнде бөлеп сұлу түн,
Тәуелсіздік тіл жетпестей жылусың.
Манат өлкем, жәннәт өлкем сенде өскен,
Шоқтай жайнап, жалындайды рухым.
Жаса мәңгі тәуелсіздік ұлы елім,
Ақ Отанға ақ арманды тіледім.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Тәуелсіздік бірге мәңгі жүрегім.
Киелі ақсу, мамания мекктебім,
Оқушымын, балауса боп көктедім.
О, аяулы тәуелсіздік Отаным,
Сен дегенде жалындайды өрт сезім.
Демеңіздер өлең жазған, тегі кім?
Тасқындайды туған жерге сенімім.
Мен Қанағатұлы болам Бақболсын,
Осы жырым сүттен аппақ көңілім.
Бақболсын ҚАНАҒАТ,
Мамания орта мектебінің 5 «а»
сынып оқушысы.
Жетекшісі: Ж.СҰЛТАНҒАЛИЕВА.