Көк байрағы желбіреген, абройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын. Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірлік пен ынтымақтастықтың, достық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі ең алдымен халқымыздың бақыты. Тәуелсіздік — бұл бір күнгі ғана өмір емес, сонымен қатар өмірімізлің ертеңі, Тәуелсіз Қазақ елінің болашағы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Біздің міндетіміз жастардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз»,-деп айтып өтті. Осы мақсатта қазіргі білім беру саласында әрбір ұстаздан білім алып отырған шәкірттері ғылым мен білімге ұмтылып, елдің ертеңгі
болашағын ойлайтын, арманы асқақ, өз Отанын сүйетін патриоттары болатынына сенімдімін.
Осы мақсатта «Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік — тірегім» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға Қазақстан туралы, Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру, өз отанын сүюге, ерлікке баулу. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар тәуелсіздік туралы мағлұматтар алып, тәуелсіздікке қазақ елінің қандай қиындықтардан өтіп қол жеткізгені туралы мағлұматтар алып, қайсар ұлдарымыз бен қыздарымыз туралы көріністерден үзінділерді тамашалады. Еліміздің көк байрағын көкке желбірететін, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биікке өрлететін 2 сыныпта оқитын пшәкірттерімнің «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арнаған өз шығармашылықтарынан «Тәуелсіздік — тірегім» атты өлең шумақтарын жолдаймыз.
Рысты БАЙШАЛОВА,
Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, МДШО КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.