ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСҚАҚ АРМАНДАРЫ МЕН ҚАЙСАР РУХЫНЫҢ ЖЕМІСІ

Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылып қана қоймай, әлемнің алпауыт мемлекеттері елдігімізді мойындады. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдыр-дың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,-деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

16 желтоқсан мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге тағзымды салау­ат пен болашаққа сенімді үміттің ұлы мерекесі болып табылады. Көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата — баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қол созды.

Талай — талай хас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, өзегі өртенген та­лай жандардың, қуаныштан жүрегі жа­рыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел! Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Содан бері 30 жыл өтті. Қазақстанның отыз жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп

еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жол­даулары мен қабылданған мемлекеттік бағдармалалар, стратегиялық бағыт-тардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.

Қалаларға оның негізін қалаған адамдардың есімін беру мысал­дары әлемде жиі кездеседі. Біздің Елордамыздың атауы да қалыптасқан үрдіспен «Нұр — Сұлтан» деп өзгертілді. Бас қаламыз тарих үшін қас-қағым сәт саналатын 30 жылда көз ілеспес жылдамдықпен әлемнің атақты аста­наларымен салтанат жарастырып, төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны белгілі. Бұл — Елбасының елі үшін жасаған ерен еңбегіне сый. Сондықтан астананың Нұр-Сұлтан деп аталуы заңды құбылыс.

Қазақстанның әр азаматы 16 желтоқсан күнін айырықша есте сақтайды және оны­мен мақтанады.

Ж.С.ШАЛАБАЕВА,

«Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: