Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен келген, еліміздің тәуелсіздігіне отыз жыл толып отыр. 1991 жылы келген еліміздің тәуелсіздігі жақсылыққа бастар жол болды.
Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің экономикасы жанданып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, басқа да түрлі салалар көптеген жетістікке қол жеткізді.Тәуелсіздік алғалы отыз жыл ішінде, еліміз көркейіп, қарқынды даму жолында мол табыстарға кенелді.
Соның ішінде білім саласынада көп көңіл бөлінді. Биылғы жаңа оқу жылының бастамасы осы «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымен басталды. Бұл да тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан жас ұрпағына үлгі, өнеге болары сөзсіз. Себебі, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді бүгінгі ұрпақ, болашақ ел азаматтары есте сақтауы тиіс.
«Бейбітшілік — орнай берсін елімде,
Тәуелсіздік — жасай берсін мәңгіге»,- дегендей, көк туымыз желбіреп, әнұранымыз қалықтап, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.
Зухра ҮКІБАЕВА,
«Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.