САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

19 наурыз күні сайлаушылар 5 түсті бюллетень арқылы дауыс береді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Мәжіліс депутаттарына дауыс беру үшін көк түсті бюллетень, партиялық тізім бойынша жасыл түсті бюллетень. Бір партиялық сайлау округі бойынша тағы үш бюллетень – күлгін, қызыл сары және сұр бояу мәслихат депутаттарының сайлауы үшін қолданылады. Сондай – ақ, мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетеньдерінің көлемі де өзгертіледі. Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік,-дейді Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. – Егер әдеттегі А4 немесе А5 қағазын қолданатын болсақ онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған жеті жолақ болады. Ал, сегізінші позиция барлық кандитатураға қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір ман- датты округке келсек, 16 кандидаттың аты – жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орын- дар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16 дан астам болса онда бюллетеннің мөлшері ұлғая түседі.

Мәліметпен бөлісу: