Мемлекет басшысы Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салуды ұсынған еді. Кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, президенттің қарындасы, ағасы немесе балалары «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық лауазымын атқара алмайды.