ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік — аумақтық бірліктерге елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының 1,2 тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы тамыз айының 27 күні, сағат: 10.00-де Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының шығыс бөлігіндегі жаңа көшеге атау беру бойынша мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау — касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер операторлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Осыған байланысты, «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.
Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын БАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді! Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз.
Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.
«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.
АҚСУ АУДАНЫНЫҢ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ.