Нұрлы болашақ жолында

Елбасының 190 — шы Жарлығына сәйкес әкімдердің тұрғындар алдындағы есебі биыл жыр құлагері қазақтың маңдайына біткен ақын ұлы І.Жансүгіров туған Ойтоғаннан басталды.

Округте  95 шаруа  қожалықтары салық комитетіне тіркелген. Ал, округ бойынша пайдаланып  жүрген  жер көлемі  53581 гектар, оның ішінде егістік жері 1148 гектар, шабындық 647 гектар, жайылымдық жер 44469 гектар. 2018 жылдың  2 жарты жылдық санағының қорытындысы бойынша округ тұрғындары мен  шаруа қожалықтарының барлық мүйізді  ірі-қара мал  басы — 5600 болып — 988 басқа өссе, оның ішінде аналығы -2798 бас болып -919 басқа өсті, ұсақ мал басы -13500 бас былтырғы жылдық санақтан 1326 басқа көбейді, жылқы -2175 бас болып, 290 басқа өскен.

Ауыз су мәселесіне тоқталған округ әкімі 200 метрлік  тереңдікке скважина қазылып, көшеге жүргізетін су құбырына қажетті су кәріздері әкелініп қойылған айтып өтті. сондай — ақ 25- желтоқсан 2018 жылы өткен Маслихат сессиясында  сапалы  ауыз су жүргізуге қосымша 178 млн тенге қаражат сессияда  бекітіліп бөлінді.Осы су жүргізу жұмысы көктем шыға басталады. Құбырлар жүргізіліп болғаннан соң артынша, 3 көшеде асфальт салынып, көпірлер қойылып, адамдар жүретін жаяу  жүргінешілерге арналған тротуарлармен  жөндеу  жұмысы атқарылмақ.Ол үшін аталған Маслихат сессиясына 76 млн тенге қаражат бөлінгенін тілге тиек еткен Т.Білісбек үстіміздегі жылы «Жыр Құлагері» І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерей тойын ел болып жоғары деңгейде өткізуге шақырды

Қаракөз ауылының дізгінін ұстаған Дастан Көпелбаев Қаракөз   ауылдық округі бойынша  73  шаруа қожалығы жұмыс атқарады. Қаракөз  округі бойынша халықтын саны —  1010 адам, Қаракөз  ауылы   — 608 адам, Кенғарын  ауылы   — 402адам. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 18129 гектар. Оның ішінде  суармалы —   1400 гектар,  тәлім —          2139 гектар, шабындық- 1229  гектар, жайылым- 9292  гектар. Өткен жылы Күздік бидай 140 гектарға , Жаздық бидай 100 гектарға , Арпа 291 гектарға, Май бұршақ 306 гектарға, Көп жылдық шөп 292 гектарға , көкеніс 15 гектарға, Жеміс – жидек 11 гектарға себілген 2019 жылдың еншісіне 1 шаруа қожалығы   125  гектар жер терең сүдігер жыртып, барлығы  4 шаруа қожалығы 150 гектар  қант қызылшасын себуге тұқымға сұраныс берілген. Мал санына тоқталсақ           Ірі қара – 2457   бас. Жылқы — 1859 бас.Ұсақ мал – 2777 бас, Құс – 2194 бас.

Халықты жұмыспен қамту орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының » негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға  3 адам оқытылды. 1 адам «DIDAKT- KZ» орталығында веб-дизайнер тігінші мамандығына оқып  240 мың теңге грант алып өз кәсібін ашса,  Екінші бағыты : «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жаңа бизнес– идеяларды іске асыру»  бойынша 2018 жылы «Бастау бизнес » жобасы арқылы  оқып 2 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»арқылы   4500000 теңге  шағын несие алып кәсібін жүргізіп жатқаны жайында тоқталды.

Жаңалық ауылының әкімі Берік Мұсанов тәжірибелі һам білікті әкім. Жалпы ауылда халық саны 820 адам 75- зейнеткер, 25 «Алтын алқа», 4 «Күміс алқа» алқалы  аналар тұрады. Округте ауылдық емхана, почта бөлімшесі, кітапхана, клуб, 4 сауда орындары халыққа қызмет көрсетеді. Окрукте барлық жер көлемі 53891 га. Оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер — 49676 гектар Оның ішінде егістік жер  —  957 гектар, Суармалы жер — 799 гектар, тәлім —  158 гектар, Шабындық —  1828 гектар, жайылым — 46891 гектар, Округте барлығы  59 жеке шаруа  қожалықтары тіркелген. өткенжылы 100 гектарға қант қызылшасы, 30 гектарға майлы дақылдар, картоп — 20гектарға, көкөніс — 10 гектарға, көп жылдық шөп -130 гектарға себілген. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты: бойынша 2018 жылы 3 адам  7млн.300мың теңге несие алып малдарын өсіруде,  және жеке кәсіпкерліктерін дамытуға грант бойынша  4 адам 960000 мың теңге несие алып жұмыстарын жүргізіп жатқандары сөз болды.

         Соңынан аудан әкімі Есім Сейлханұлы базархановтың есебі тыңдалды. Халыққа есеп берген Е.Сейілханұлы 2018 жылы аудан жұртшылығымен өткізілген есепті  кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде, Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауыл шаруашылығы, Мал шаруашылығы, Ветеринария саласы, Жерді пайдалану Өнеркәсіп, Шағын кәсіпкерлік,  Бөлшек тауарайналымының көлемі, Инвестициялар, Құрылыс жұмыстары, Автомобиль жолдары, Ауыз су жайында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.           

Есеп беру барысында әкімдер партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жәнеде       Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы мақаласын насихаттау мақсатында атқарылған шаруаларман қатар леуметтік қамсыздандыру саласы, Ауыл шаруашылық саласы, Шағын кәсіпкер, Білім саласы бойынша, Денсаулық саласы, Мал дәрігерлер саласы, Мәдениет саласы,  Террорризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша, Кітапхана, Қоғамдық тәртіптер бойынша тоқтала келе алдағы уақытта атқарылатын біраз шаруаларды халыққа жеткізді.

Әкімдердің ел алдындағы есеп беру жиналысын аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Сүлейменов жүргізіп, оған аудан мекемелерінің басшылары, ақпарат құралдары қатысты. Сонымен қатар аудан прокурорының орынбасары А.Сабырбаев мал ұрлығының алдын аулу жөнінде хабарлама жасады.

Ауылдардың және аудан әкімінің есебіне жиналғандар толық қанағаттанарлық баға берді.

Кенжебек Әкімбек.

Мәліметпен бөлісу: