Еліміздегі мемлекеттік қызметтің жүйесінің бастамасы 1995 жылғы қабылданған Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар Жарлығынан бастау алады. Осы кезеңде біздің мемлекет барлық посткеңестік мемлекеттер ішінде бірінші болып мемелекеттік қызметшілердің кадрын конкурс арқылы қалыптастыруға жол аштық.
Сол уақыттан бастап қалыптасқан арнайы жүйе бойынша мемлекеттік қызметтің өзіне тән қағидалары арқылы артылған сенімді ақтап келеміз. Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, Мемлекеттік қызметі туралы Заңы және өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. Конституцияның 33-бабына көз салсақ, Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар делінген. Демек, аталған қызметке орналасуға кез-келген азаматтың толықтай құқығы бар. Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында көрсеткен негізгі тапсырмалардың бірі – кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Осы бастаманың негізінде бүгінгі таңда елімізде тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Мұның айқын дәлелі ретінде, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдарының енгізілуін атап өткен жөн. Бұл Заңдар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының қазіргі заманғы тиімді жүйесін жасау, ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекетті қалыптастыру. Президент Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни, жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңы азаматтардың мемлекеттік қызметіне кіруіне, оны өткеруіне және тоқтатуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметті мәселелерін айқындайды. Аталған жаңа заңға
бірқатар қағидалар енгізілген. Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастау керектігі қатаң көрсетілген. Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты конкурстық негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік қызметшілер ротацияларының мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған. Мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады.
Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регламенттелген мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі жасалды. Бұл Кодекстің мақсаты – мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату.
Е. КЕЛЕМСЕЙІТ,
Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі,
Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.