Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және және болашақта барлық іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиістігін нық айтқан болатын.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заманталабы. Мақаладакөтерілген аталмыш мәселе өте өзекті әрі орынды. Оны жүзеге асыру үшін үлкен шаралар атқарылуы тиіс.

Ол үшін не істеу керек десек, біріншіден, латын графикасына өтудің нақты қадамдық жоспарын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек. Екіншіден, мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән берген жөн. Яғни, бірізділік, ортақ қағида болуы шарт. Өйткені, латын графикасында жазғанның жөні осы деп әркім өз білгенімен әр түрлі таңбаны қоя берсе, мұның соңы сауатсыздыққа әкеліп соғады. Осының алдын алу қажет. Төртіншіден, балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия (жазу өнері) сабағын енгізу қажет. Мұны қазірден қолға алған жөн. Сондай-ақ, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдерді дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін дұрыс атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.
К.Калияева,
аудандық білім бөлімінің аға әді

Мәліметпен бөлісу: