Елбасымыздың «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» атты бағдарламасының ең басты бағытының бірі қазақ тілін 2025 жылға қарай латын қарпіне көшіру қажеттілігі еді. Себебі жаһандағы салалық даму үрдісінде тілдік қатынастың ғаламдық үрдіске сай болмауы бәсекеге қабылеттілікті азайтып, ұлттық мүдденің елеусіз қалуына әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Латын қарпіндегі әліпбидің шығу тарихы өте ерте замандардан бері қолданылып келе жатыр. Атаап айтсақ, қазақ тарихында ата-бабаларымыз сонау көшпенді дәуірдегі мың жылдықтардан бері қазіргі латын қарпіне ұқсас таңбаларды жазу ретінде қолданып келген. Осы эрогливтік жазумен тілдік қатынастарын дамытқан, хат-хабар алмасып, дала заңының бұзылмас қағидаларын әзірлеген. Жаңа заманда Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш зиялылары ел болашағының ертеңі мен ұлт мүддесі үшін осы латын қарпіндегі қазақ әліпбиін қолданысқа енгізген, және осы қаріп пен таңбалардың ежелден бері ата-бабаларымыздың үздіксіз қолданып келгенін нақты тарихи фактілермен ғылыми негізде дәлелдеп, қазақ ұлтына түсіндіріп көрсеткен.
Осы бір тарихи сара жолды ұрпаққа жалғастыру мақсатында: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты Елбасымыздың мақаласын негізге ала отырып, Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің АКТ залында латын қарпінің негізіндегі қазақ әліпбиінен 56 сөзден тұратын «Диктант» жазу сағаты өткізілді. Диктант жазып қол үйрету мен тіл сындыруға жалпы саны 107 адам қатысты. Шараға барлық мекеме қызметкерлері, 10,11- сынып оқушылары мен мұғалімдер және ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Жазылған диктанттық мәтінді тексеріп бағалау барысында «Қанағаттанарлық» және «Жақсы»- деген бағалар қойылды. Бұл дегеніміз латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне көшудегі ауыл тұрғындарының, жастардың, мекеме қызметкерлерінің жаңа әліпбиге көшудегі алғашқы сәтті қадамының бір көрінісі екендігін көрсетті.
Арасан ауылдық округі әкімшілігінің маманы,Арасан БПҰ-мүшесі
Ержан Сейтқазыұлы