Тағдыршешті мәселенің бірі — қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын.
Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең- кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Латын әліпбиіне көшу, Қазақстанды барлық әлемге танымал етудің бір түрі. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – Қазақстандағы рухани жаңғыру бағдарламасының өзегі.Ол елдегі үштілділікті қалыптастыруды,жас ұрпақтың үш тілді бірдей үйренуін жеңілдетеді. Мысалы, ЭКСПО Қазақстанмен танысу шетелдік қонақтардың қазақ тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген заңды қызығушылығын тудырғанын көрсетті.Латын графикасындағы мемлекеттік тіл шет елдердегі латын әліпбиін қолданатын миллиондаған азаматтардың тілге деген қызығушылықтарын қанағаттандырады.Яғни, қазақ тілі үйрену үшін қолжетімдірек.Шет елде тұратын отандаста¬рымыз үшін ана тілі мен жазуды дамытудың, тарихи Отаны¬мен жақындасудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс.
Қорыта айтқанда, кирилл әрпін латын әрпімен алмастыру –тек идеологиялық, саяси күрес қана емес, сонымен бірге ол күнделікті тұрмысқа қажетті әліпбилік реформа. Сондай-ақ, ла¬тын графикасына көшу — еліміздің алға қарай дамуындағы бас- ты қадамдардың бірі.
С.ХАСАНОВА,
Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.