Киелі жер – Бабамыздан қалған асыл мұра

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы біздің қоғамда қозғау салып, санамызға тың серпін берді. Халқымыздың материалдық және рухани әлемі – атамекен, жер-су, әдебиет, өнер мен мәдениет саласын жандандыруда шамшырақ тәрізді қалың жұртшылықтың қызығушылығын ерекше ықыласын тудырды.

Осыған байланысты Елбасы тапсырмасы негізінде, мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен халқымыздың елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап оның тізімін жасау қолға алынды. Осыған орай Есеболатов ауылында да Матақбай бабамыздың зираты табылды.  Баянбекұлы Матақбай 1860 жылы бұрынғы Діңгек ауылында туылған, өз заманындағы елге ақыл айтар би, сөзі орынды, көріпкелдік қасиеті болған деседі.

Бұл кісінің зираты тоғыз жол торабы Тәуке таудың етегінде орналасқан. Жолаушылап жүрген жолаушылар зиратына құран бағыштап, қарағаштың басына ақ байлап зиарат етуде Айдарбек, Алтынбек, Баянбек, Күмісбек, Жұмабек деген бес аталы ұлдардаң Баянбегінен Матақбай туылған. Елі Тәуке, Тәукенің ішінде Ақмырза, оның ішінде Байжігіт, одан Құлынбай, одан Маймақ елінен тараған. Сарқанда жасы 80-ге келген Жүніс деген шөбересі бар. Матақбайдың аталас туысы жерлес атамыз, ұлағатты ұстаз, ақын, зейнеткер Абдухамет Смағұлов атамыздан бабамыз туралы мағлұмат алыдық.

Ал, Абдухамет атамыз Алтынбектің аталас бауыры, ақын жерлесіміздің Матақбай бабамызға арнауын көпшілік назарына ұсынамыз:

Матақбай біздің дағы бір бабамыз,

Іздесек өмірінен сыр табамыз.

Кезінде қасиетті елге сыйлы,

Болыпты шама келсе жыр жазамыз.

Түс көріп оны жорып айтқан екен,

Бойында ұзын жолдың жатқан екен.

Ұрпағы заман өте сиреп барып,

Қайраты денсаулығы қайтқан екен.

Жиылып елі-жұрты ақылдасып,

Жақыны, балалары мақұлдасып.

Жерлепті Тәуке таудың етегіне,

Ұзын жол, терең шұңқыр ақымды

                                                          ашып.

Біледі содан бері орыс қазақ,

Жетеді дұғалар мен дұрыс мадақ.

Түсеміз Матақбайдан деуші едік,

Кезінде Алматыдан билет алсақ.

Жазылар естелікке жарқын беттер,

Айдарбек, Алтынбек, Күмісбектер.

Маймақтың бес бөрісі атаныпты,

Тағыда Жұмабекпен Баянбектер.

Ұрпағы Матақбайдың Сарқанда бар,

Сағынған жеке-дара дарханда бар.

Әруағы «Керуенді» алып барды,

Жанына сол зираттың айтам хабар.

Тірі жүр шөбересі Жүніс аға,

Мал баққан өте жуас дұрыс аға.

Қызайбай Кәнет ұлы екеу болып,

Ескерткіш қойсақ деуші ек тыныс

                                                             ала.

Мінекей ол бауырда қайтыс болды,

Жалғыздық жабырқатты жәй                             

                                                   түс болды.

Өзімде ауырамын оталанып,

Артқыға құдай қосса нақты іс қалды.

Әруаға разы болсын бабалардың,

Мен дағы айта жүріп саралармын.

Жанына Керуенді де жақындатты,

Әруағы қолдай жүріп даналардың.

Думан Жинақов,

 Есеболатов ауылдық

клубының әдіскері.

Мәліметпен бөлісу: