дүлділі Ілияс Жансүгіров, тұйғын ақын Қуат Терібаевтан бастап кейінгі Тұрсынзада Есімжанов, Қанипа Бұғыбаева, Марфуға Айтқожина, Сағынболат Тінтаев, Қуат Қайранбаев, Сейдахмет Мұхаметшин, Болат Бисұлтанов, Нұрғали Омарқұлов, Берлібек Аманбаев және басқа да ақын — жазушылар мен журналистердің осы газет ұжымымен араласып өздерінің тамаша туындыларын алғаш рет «Ақсу өңірі» газетінде жариялағандарының өзі көп жағдайды аңғартып, киелі шаңырақ екендігін көрсетіп отырған жоқ па! Қазіргі кезде аудандық газет қызметкерлері өркениеттің өнегелі істерін оқырмандар жүрегіне жеткізіп, тәуелсіздіктің тұрақты тағдырын барша
Маусым айының соңғы жексенбісі Баспасөз күні ретінде аталып өтіледі. Яғни, кең байтақ еліміздегі журналистер мен баспагерлер, теледидар, радио саласында еңбек ететін, елдің жылт еткен жақсылығын, жетістігін, жаңалығын халыққа тарататын саланың мамандары өздерінің төл мерекелерін тойлайды. Еліміздің Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар рөліне айырықша тоқталып өткен. Олай болса елдегі саяси тұрақтылық, экономикалық өрлеу барысында журналистер қауымына жүктелер салмақ қомақты. Біздің аудандық «Ақсу өңірі» газеті аудан айнасы ретінде ауданның әлеуметтіктұрмыстық, экономикалық жағдайын көрсетуде аянбай жұмыс атқарып келе жатқанын білемін. Ендеше, мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңізге жеміс, дендеріңізге саулық тілеймін. Қаламдарыңыз ұшқыр, ойларыңыз ұтқыр болсын. Отбастарыңызда берекебірлік таусылмасын. Сіздермен бірге әлі талай асуларды алып, ел сенімін ақтармыз деген ойдамын. Алғашқы санының шыққанына 85 жыл толып отырған аудандық «Ақсу өңірі» газетінің самғау кеңістігінің кең екенін, болашағы зор екенін осыдан – ақ аңғаруға болады. Ұстанымы берік, ұлағаты көрік басылым қоғам дамуының күрделі кезеңдерінде де ақиқаттың ақ жолынан алыстамады. Бұқара халық пен билік арасындағы дәнекер болып, мыңдаған оқырмандарының мерейлі мінбесіне айналып келеді. Биылғы жылы Республика көлемінде 125 жылдық мерейлі тойын атап өткелі жатқан, Қазақ поэзиясының
жолдастарының көмегімен қашып, арғы бетке асып кетеді де, ол жақтағы қазақ аудандарында мектептер ашып, оқулықтар шығарады. 1938 жылы ардақты ақынымыз Ілияс Жансүгіров те атылады. 1939 жылы Тасбекетте ши зауыты салынып, онда 45 жұмысшы, май зауытында 18 адам еңбек етті. Алғашқы жылы олар 61 мың сомның ши өнімін және 52,4 мың сомның майын шығарды. 1941 — 1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысына Ақсудан 6104 азамат майданға аттанып, олардың 3395 — і ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. 4237 адам түрлі мемлекеттік орден, медальдармен марапатталды. Нұрсұлтан Есеболатов пен Есмұрат Сиқымов Кеңес Одағының Батыры атанды. I — II дәрежелі, «Даңқ» орденімен — 32 адам, «Қызыл жұлдыз» орденімен — 67, «Ұлы Отан соғысы» орденімен — 983 адам марапатталды. 1942 – 46 жылдары Сталинград қаласын қалпына келтіруге атақты қазақстандық 88 комсомол қыздардың қатарында ақсулық Қанымбике Мырзатаева мен Қаншайым Батыршина болды. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында 4 адам Социалистік Еңбек Ері атанды. Олар Тынымбаев Балтабай, Жанбаев Құрманбай, Сүйеубаев Отызбек, Нұрсейтов Наужан, Жанәділов Жақабыл. Кейіннен олардың қатарына Оңалдинов Нұрлан мен Адлер Отто қосылды. Киелі жер, қасиетті ел деген ескіден келе жатқан дана сөздің мәні терең, аясы кең. Адамзаттың асыраушысы қасиетті Жер — Ана жайында тарих қойнауына көз жіберер болсақ, талай сырды аңғарамыз. Иә, жер — табиғаттың тіршілікке берген таусылмас сыйы, халық қазынасы. Сол қасиетті жердің құт қойнауының сырын ұғып, адал еңбектің үлгісін танытқан ерлердің құтты мекеніне айналған Ақсу жері қыдыр орнап, бақ дарыған киелі мекен десек, жыл құсының қос қанатындай аудан мен «Ақсу өңірі» газеті самғап ұшып, сексеннің сеңгіріне де келеді. Олай болса, киелі менің мекенімнің барша оқырманын аудандық газеттің 85 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтап, аудан журналистеріне шығармашылық табыс тілеймін.
жұртқа дер кезінде көрсетуі осы қаламгерлердің үлесіне тиюдің өзі үлкен мәртебе. Олай болса газеттің көз тартар ажары, өрелі ісі мен мағыналы мазмұны өзіне тән кең тынысты арнасын кеңейтіп келе жатқан 85 жылдық тарихымызды еншілеген қуаныш — бәріміздің жүрек толғантар мерекеміз. Бағдары айқын, өзекжарды айтары бар қаламгерлерге шалқар шабыт, отбастарына амандық тілеймін! Міне, сонау 1930 жылы аудан құрылғанда бір беттік газет болып шығып, 1934 жылы аудандық газетке айналып, бүгінде 85 жасқа келіп отырған «Ақсу өңірі» газеті ауданмен құрдас десе де болады. Ендеше, құстың қос қанатындай болып келе жатқан ауданның тарихына да тоқтала
кетсем артық болмас. Аудан 1930 жылы желтоқсанның 17 — де шаңырақ көтерді. Оған Бүйен — Ақсу, Бөрібай және Сарқан аудандарының жартысы кірді. Орталығы Ақсу ауылы болды. 1931 жылы атақты Түрксібтің Матай стансасында 3 паравоз депосы пайдалануға берілді. 1937 — 38 жылдары қазақтың білімді азаматтары қатты қуғынға түсті. Ақсу өңірінің алғашқы ағартушылары, мектеп директоры Қанапия Махмутов, Сағабүйенде жетім балалар үйін салдырған Жақып Майлин, Жетісуда білім бөлімін басқарған Мейірман Ермектасов сияқты көптеген азаматтар жазықсыз «халық жауы» атанып, «итжеккенге» айдалды. Олардың ішінде тірі қайтқаны жоқ, тек Мейірман ғана барар жолда