ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық  инвестицияларды тарту болып келеді.

Қазіргі кезде  Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік –  экономикалық дамуымыздың  негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Ауданымыздың экономикасына 2018 жылдың қорытындысы бойынша құйылған инвестицияның  көлемі –  9928,5 млн. теңгені құрады, 2017 жылғы кезеңмен  2,9 есеге өсті. Ал 2019 жылдың 1 тоқсанында инвестиция көлемі 1383,1 млн. теңгені құрады

Бірақ бұған қарамастан қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында негізгі үлес салмағы 70% бюджеттік инвестицияларға тиесілі. Сондықтан ағымдағы жылғы негізгі міндеттердің бірі —  жеке инвесторларды барынша тарту және оларға инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жан — жақты қолдау көрсету.

Жуырда ауданымызда «Қобызшы Молықбай» атындағы мәдениет үйінде Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы және Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында келелі кеңес өтті.

Кездесуге ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілері және БАҚ өкілдері бар 200-ден астам адам қатынасты. Сондай – ақ, 12 инвестор,  атап айтқанда: Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі институтының Инновация жөніндегі директорының орынбасары Жұмадиллаев Нұржан;

— Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы директорының орынбасары Шлембаев Ерал;

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының өкілі  Кашаганов Азамат;

Алматы облысында «Аграрлық несие корпорациясының» өкілі – Нариманов Тимур;

Сонымен қатар инвесторлар тарапынан:

«Көк-Сағыз ТМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ   директоры — Магзиева Камила Турсупхановна, орынбасары Магзиева Сулушаш, басқарушы директоры Газиз Ахмедиев,  бас агрономы Ринат Беглов және маркетологі Рината Хакимова.

1. «AGROPARK’» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІ директорының орынбасары Садырбаев Алмазбек,                                                                          

2. «Балданай СК» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ   өкілі  Молбаев Нурлан Серікболұлы

3.Жеке кәсіпкер Жуанышев Рустем Талғатұлы

4. «ДюсенбиновА.»- шаруа қожалығының басшысы Дюсенбинов Айдын

5. СПК Бакон директоры Нусипов Шынғыз Аділбекұлы

6. «Аксу Кант»  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІ   зауытының  бас директоры Надирбаев Самат Тлеубаевич

“Green Technology Partners» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ  өкілі- Айбасов Марат 

«Феникс Фид Миллс» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ   өкілі Акимжанов Мурат келіп өздерінің жобаларын таныстырып, көпшілікке ұсынды.

Елбасымыз аса көңіл бөліп отырған туризм саласының дамуы ауданда қәзіргі таңға тиісті деңгейінде емес. Осыған орай бұл мәселеге басым назар аудару керек.

Агроөнеркәсіп пен туристік саланы дамытудың үлкен мүмкіндіктеріне Капал және Арасан ауылдық округтері ие болғандықтан алғашқы сөзді ауданымыздың керемет жерлерімен таныстыру үшін .Қапал ауылдық округінің әкіміне  Ерекенов Нурбол мен Арасан ауылдық округінің әкімі Ғалымжанова Розаға беріледі.

Таныстырудан кейін, инвесторларға кезек беріліп, алғашқы сөз, ауданымыздың аумағында іске асырылатын өте үлкен жобаның бастамашысына әлеуметтану және гуманитарлық ғылымдар докторы, 1992 жылдан қазіргі уақытқа дейін — ЕО зерттеулер мен инновациялар шеңберіндегі бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі, «Көк-Сағыз ТМ» директоры   Магзиева Камила Тусупхановнаға берілді

Камила Тусупханқызы өзіміздің өңірде өсетін,, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген кәдімгі бала кезімізде тамырын сағыз етіп шайнап жүрген «Көк сағыз» шөбінен табиғи каучик жасаудың жобасын ұсынды. Қапал өңірі осы шөптің өнімін көбейтуге ең қолайлы жер екенін айта келе сол шөптен шығатын каучиктан автомобилдерге дөңгелек, тағы басқа резеңке бұйымдарын жасауға болатынын жеткізді. Тіпті медициналық қолғаптар да осы табиғи көк сағыздан шығады екен. Оны өңдей отырып тағы да пластмасса ыдыстарын, салафан қораптарын да жасаса, босаған қалдықтарын жерге көміп тастаса тез шіріп, тыңайтқыш болатынын да түсіндіріп айтты. Егер осы саланы дұрыстап қолға алып, өңдейтін зауыттарды өзіміздің өңірде ашатын болсақ, талай адам жұмыспен қамтылып,  10 жылдың ішінде Қапал әдемі қалаға айналатынын да көзге елестетті.

Келесі сөз Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша технологиялық Агропарк құру жөніндегі ұзақ мерзімді жобаның инвесторлары ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ  «AGROPARK» директорының орынбасары Садырбаев Алмазбекке беріледі.

Алмазбек мұрза қой шаруашылығын дамытудың жаңа технологиялары жайлы тұшымды әңгіме қозғады. Оның бағып отырған қойының тұқымы біздің «Мироностарымыз» сияқты емес тез оңалып, аз жем – шөппен мол өнім беретіннін байқадық.

Осы әңгімені ары қарай жалғаған Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі институтының Инновация жөніндегі директорының орынбасары Жұмадиллаев Нұржанда мал шаруашылығының пайдасы қандай екенін ашып берді..

Келесі кезекте сөз ұзақ мерзімді жаңа технологияларды қолдана отырып, етті тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторды және бордақылау кешенін құру жобаның инвесторлары «Балданай СК»   ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ өкілі Молбаев Нурлан және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылық кооперативтерінің бірі СПК Баккон директоры Шынғыз Нусипов, Ескелді ауданынан инвестор ретінде келген «Дюсенбинов» шаруа қожалығының өкілі Молбаев Нурлан Серікболұлы, ауданымыздың жас жеке кәсіпкерлердің бірі Жуанышев Рүстем Талғатұлына, сондай – ақ, ауданның жетекші кәсіпорындарының бірі қант зауытының   бас инженерінің орынбасары Қайыржан Әбіжанов пен «Аксу Қант»  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІ   зауытының  бас директоры Надирбаев Самат Тлеубаевичке берілді. 

Соңында Алматы қаласынан форумға қатысу үшін өз ұсыныстарымен «Феникс Фид Миллс» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ өкілі  Акимжанов Мұрат пен Талдықорған қаласынан “Green Technology Partners» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ өкілі  Айбасов Маратқа ұсынылып олар да өз ойларымен бөлісті.  Тағы да Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтегі мемлекеттік қолдау шаралар туралы түсіндіру мақсатында «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы директорының орынбасары Шлембаев Ерал Төлегенұлына  және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының өкілі  Кашаганов Азамат Ғалиұлы мен Алматы облысында «Аграрлық несие корпорациясының» өкілі – Нариманов Тимур Маратұлы несиені қалай алуға болатынын, гранттық несиелер кімдерге берілетінін түсіндіріп өтті.

Форум соңында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі институты және мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша технологиялық «AGROPARK» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ мен Ақсу ауданы әкімі Е.Базарханов үш жақты меморандумға, сондай – ақ, ұзақ мерзімді жаңа технологияларды қолдана отырып, етті тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторды және бордақылау кешенін құру жобаның инвесторлары «Балданай СК»   ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ өкілі Молбаев Нұрлан мен аудан әкімі Е.Базарханов келісімге отырып, меморандумға қол қойды.

Ербол Әбдікәрімұлы.

Мәліметпен бөлісу: