Абай жалғыз қазақ халқы емес күллі әлемге танылған, ұлы ақын. Аудармашы, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, әлем үшін әр сөзі алтындай қымбат тұлға.
Оны күллі әлем таниды. Ақын ғана емес адам жанын түсініп заманның қайда бара жатқанын айтушы. Абай туралы айтқанда оның әр сөзін қоса айту керек. Абай қазақтың ғана емес, әлемның маңдайына біткен жұлдызы онсыз өмір бос. Ол өз сөздерімен қатені түзетіп, кемшілікті кешіре білді. Ақын дүние мен дінді ұштастыра білді. Өз заманының діндар, әділетті, мейрімді, ақылды заңды жетік білушісі және ислам қағидаларын ұстанушы. Абайдай тұлға сан ғасырда бір кездеседі. Абай бүкіл әлемді мойындатқан қазақтың мақтанышы болған алтын әріппен аты ғасырға жазылған нар тұлға. Ақын ешқашан уақытын бос өткізбеді, оның шығармашылығының көбі бізге жетпеді. Өз шығармаларында жаман қасиеттерді қатты сынады. Өмірінің соңына дейін кітап оқып, білімді болды. Ешқашан шенге қызықпады, болыс болған кезінде де жақсы қасиеттерді халыққа түсіндіріп жеткізді. Абай ғажайып тұлға. Абайдай тұлға қазіргі кезде некен саяқ, Абай жастайынан іздемпаз болып өсті. Абайды Абай еткен Құнанбай. Бала Абайдың қалыптасуына әкесі Құнанбай үлкен рөл атқарды. Абайға жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, жақсы өмір жолын үйретті.Соның негізінде ғылым мен білімді жетік меңгеріп, Абай шығармалар жазып, қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосты. Абайдың өзі де, сөзі де әрбір адамның жүрегіне мейрімді, шыншыл болуды, адамгершілікті дәріптеді. Абай қырық бес қара сөзді жазды. Сол сөздерінде, өлеңдерінде мектеп жасындағы балаларға және әр адамға түсінікті етіп жеткізген. Маған Абайдың мына сөзі ұнады. Ұлы ақын он үшінші сөзінде «Иман деген не? Аллаһқа, Пайғамбарына сену. Көрмесек те ғайыппен сене білу және Пайғамбарымызға бағыну ақын кітаптан оқығанына, неге иман келтірсең соған хақтығына сену»,-деп сипаттап айтты. Мен өзім болашақ ұрпаққа Абайдың өлеңдерін оқуға, жырларын жырлауға кеңес беремін. Абайдың есімі алтын әріппен жазылған, қазақ халқының біртуар ақыны. Біздің ұлы данышпан ақынымыз Абайды әр қашан үлгі етемін. Ұшқан құстай дамыған заманда, біздің болашақ жастарымыз ұлы ақынды үлгі етіп, дарындылығымен, ізденімпаз жастарымыз көп болады деп сенемін. Президентіміз биыл Абайдың 175 жылдығына байланысты «Абай және ХХІ ғасыр» атты мақаласын жариялады. Бүгінгі күні еліміз бойынша іс-шаралар басталып та кетті. Бұл қазақ халқының ұлы ақынына көрсеткен үлкен құрметі деп білемін. Ұлы болған қазақта дара ақын, Білім мен дүниені ұштастырған, Абайдай ұлы ақын таппадым шын, Жырлап өтем жырыңды мақтанышпен.
Тұрған АЙГЕР,
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 «ә» сынып оқушысы.