
Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дегеніміз — дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкеса ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7- 1/68 бұйрығының 1 — тарауының 2-тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
Осы бұйрықтың 1 — тарауының 8 тармағына сәйкес Жеке нөмірді беру ауылшаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауылшаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп — бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).
Осы бұйрықтың 2 – тарауының 29 тармағына сәйкес Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды.
Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауылшаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануар- ларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ауылшаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне бай- ланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.
Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендірумен қамтамасыз етпеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406 бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қосымша мәліметтерді 2-94-43 немесе 8-777-397-97-37 телефоны арқылы алуларыңызға болады.
Ұлан ЕСБОЛАТОВ,
кәсіпорын директорының м.а.