Ауданымызда көптеген жұмыстар алға басып, экономикамыз өрлеп, өңіріміз өркендеп келе жатқаны барлығымыздың көз алдымызда. Оны аудан әкімі Есім Базархановтың «Ақсу ауданының 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы міндеттері туралы» аудан халқы алдындағы есеп беру жиынында тағы да естіп, марқайып қалдық. Аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуі «Молықбай» атындағы мәдениет үйінде өтті.

Аудан әкімінің есебін тыңдауға облыстан Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Ислямұлы Бескемпіров арнайы келіпті. Қонақтар алдымен мәдениет үйінің кіре беріс фаэсінде орналасқан Ақсу ауданының өткен жылғы атқарылған жұмыстарынан сыр шертетін мекеме – ұйымдардың көрсеткіш көрмелерін аралап көрді. Көрме барысында алдымен Алтынарық ауылында 5000 бастық мал бордақылау орнын салуды жоспарлап отырған «Panel Sistem.kz» компаниясының жобасымен танысты. Жағалай қатар – қатар қойылған аудан жетістіктерін көзімен көрген облыс әкімінің орынбасары қуанышын да жасырмады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Сүлейменов ашып, жүргізіп, баяндама жасау үшін аудан әкімі Есім Сейілханұлына сөз берді. Аудан әкімі өз сөзінде өткен жылдың басты жаңалықтары мен Елбасының сындарлы саясаты жайлы айта келе, ауданда еңбек ететін 2959 адамның жалақылары 1,5 есеге көтерілсе, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында «7-20-25» бағдарламасымен тұрғын үй алуға 156 адамның өтініштері тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді. 2018 жылы аудан жұртшылығымен өткізілген есепті кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде кеңінен тарқатып, тұрғындар тарапынан барлығы 8 ұсыныс түскен. Оның барлығы да іс жүзіне асты деп атап көрсетті. Ауданымыз қай сала болмасын өткен жылы жақсы жетістіктерге жетіп, мерейіміз өсіп жатқанын білеміз. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына тоқталғанда, өткен жылы бұл сала бойынша 30 млд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2020 гектар қант қызылшасы алқабын осы жылы бұйырса 3000 гектарға жуықтату жоспары барын айтты. Оны апта сайын аппарат жиынында да қайта – қайта айтып, қатаң тапсырып жатқанын да көретінбіз. Мал шаруашылығы да жақсы дамып, мал басы артып келеді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға кең арна ашылған. Бұл бағытта 9 кооператив құрылып, екпінді жұмыс жасауда. Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жұмысы да қатты бақылауға алынып, анықталған жерлер мемлекет меншігіне өткізіліп, болашақта еңбек ететін жерсіз шаруаларға берілетінін атап айтты. Өнеркәсіп саласы да басқа жылдармен салыстырғанда біршама алға басқан. Инвестиция тарту – аудан экономикасының өсуінің бірден бір жолы. Бұл салада да ілгерілеу байқалады. Бүгінгі күнге «Panel Sistem.kz» компаниясы Алтынарық ауылында мал жемдеу алаңын және ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстарын бастаса, «Көк — сағыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 — 2029 жылдары құны 118 млн. АҚШ доллары тұратын бақбақ гүлін өнеркәсіптік өсіру және табиғи каучук өндірісінің жобасын Қапал ауылында іске асырғалы жатқанын тілге тиек етті. Басқа салаларда да үлкен жетістіктер баршылық. Алдағы міндеттер де ауқымды. Соның ішінде жерлестеріміздің басты дақылы қант қызылшасын көбейту бірінші орында тұрады. Ол үшін сервистік дайындау орталығының мүмкіндігін жетілдіру қажет. Өткен жылы үш орталық ашылып, жыл соңына дейін бес орталық жұмыс жасаса да тәтті түбір өсірумен айналысатын округтерге шамалары жетпегені айтылды. Ол туралы жарыссөзге шыққан Сырттанов ауылдық округіндегі «Дарина» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Баймұханов айтып өтті. Ол туралы аудан әкімі Есім Сейілханұлы өз баяндамасында сөз қозғап, Серікжан Ислямұлынан тағы 2 сервистік орталық ашылса деген өтінішін облыс әкіміне жеткізіп, шешілуіне ықпал етуін сұраған болатын. Құрылыс, автомобил жолдары, ауызсу мәселелері өз кезегінде шешімін тауып жатқаны айтылып, денсаулық, білім, мәдениет т.б. салалар бойынша кеңінен тоқталды. Екінші болып жарыссөзге шыққан аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әсел Садықова орталық саябақты абаттандыру мәселесін көтерді. Ол жайында да аудан әкімі өз баяндамасында тоқталған болатын. 2018 жылы Жансүгіров ауылының орталық саябаққа және орталық алаңға абаттандыру, жөндеу жұмыстарына жобалау құжаттары даярлануда – деп, оған қанша қаражат бөлінетініне дейін көрсетіп берді. (32,7 млн. тг). Сондай – ақ, Елбасының осы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастардың белсенділігін арттыра түсті. Осы бағытта ауданда «Жастар» паркін жайластыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына аудан жастарының белсенді түрде қатысуын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, биылғы жылы аудан орталығының шығысында орналасқан жаңа үйлердің жанында саябақ және балалар алаңы салынады. Аудан орталығындағы арық жүйелерін ретке келтіру үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 40 млн теңге бөлінді. Бұл шаралар іске асырылса аудан орталығы көркейе түседі,– деді. Иә, аудандық Ардагерлер Кеңесінің де көтеріп жүрген мәселесі осы. Ол туралы аталмыш кеңестің төрағасы Амантай Айтбайұлы да айта келіп, аудан әкімінің есебіне «қанағаттанарлық» баға берген болатын. Сөз соңында, – ауданымыздың бүгінгі даму келбеті баршаңыздың көз алдыңызда. «Басқа жердің отынан, туған жердің түтіні артық» дейді дана халқымыз. Күн сайын туған ауданымыздың тұрмыс — тірлігін түгендеп, тыныс-бірлігін бүтіндеу, оның алымы мен қарымын қадағалау халық алдындағы жауапкершілік, өз еліңе деген жанашырлық деп түсінемін. Осы жыл Кемеңгер ақынымыз, жыр «Құлагері» Ілияс атамыздың 125 жылдық мерейтойын өткізу міндеті тұр. Ауданымыз ғана емес облыс, тіпті республикамызға сын болатын бұл тойды ел болып атқаруымыз керектігін нақтылап айтты. Ендеше, «Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар»,-демекші бірлігімізге тірлігіміз жарасып, туған ауылымызды, ауданымызды тарихи маңызына сай дамытып, өркендету – ортақ іс деп білемін. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Ислямұлы қорытындылады. Ербол СЫМХАНОВ. Ауданымызда көптеген жұмыстар алға басып, экономикамыз өрлеп, өңіріміз өркендеп келе жатқаны барлығымыздың көз алдымызда. Оны аудан әкімі Есім Базархановтың «Ақсу ауданының 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы міндеттері туралы» аудан халқы алдындағы есеп беру жиынында тағы да естіп, марқайып қалдық. Аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуі «Молықбай» атындағы мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімінің есебін тыңдауға облыстан Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Ислямұлы Бескемпіров арнайы келіпті. Қонақтар алдымен мәдениет үйінің кіре беріс фаэсінде орналасқан Ақсу ауданының өткен жылғы атқарылған жұмыстарынан сыр шертетін мекеме – ұйымдардың көрсеткіш көрмелерін аралап көрді. Көрме барысында алдымен Алтынарық ауылында 5000 бастық мал бордақылау орнын салуды жоспарлап отырған «Panel Sistem.kz» компаниясының жобасымен танысты. Жағалай қатар – қатар қойылған аудан жетістіктерін көзімен көрген облыс әкімінің орынбасары қуанышын да жасырмады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Сүлейменов ашып, жүргізіп, баяндама жасау үшін аудан әкімі Есім Сейілханұлына сөз берді. Аудан әкімі өз сөзінде өткен жылдың басты жаңалықтары мен Елбасының сындарлы саясаты жайлы айта келе, ауданда еңбек ететін 2959 адамның жалақылары 1,5 есеге көтерілсе, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында «7-20-25» бағдарламасымен тұрғын үй алуға 156 адамның өтініштері тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді. 2018 жылы аудан жұртшылығымен өткізілген есепті кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде кеңінен тарқатып, тұрғындар тарапынан барлығы 8 ұсыныс түскен. Оның барлығы да іс жүзіне асты деп атап көрсетті. Ауданымыз қай сала болмасын өткен жылы жақсы жетістіктерге жетіп, мерейіміз өсіп жатқанын білеміз. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына тоқталғанда, өткен жылы бұл сала бойынша 30 млд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2020 гектар қант қызылшасы алқабын осы жылы бұйырса 3000 гектарға жуықтату жоспары барын айтты. Оны апта сайын аппарат жиынында да қайта – қайта айтып, қатаң тапсырып жатқанын да көретінбіз. Мал шаруашылығы да жақсы дамып, мал басы артып келеді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға кең арна ашылған. Бұл бағытта 9 кооператив құрылып, екпінді жұмыс жасауда. Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жұмысы да қатты бақылауға алынып, анықталған жерлер мемлекет меншігіне өткізіліп, болашақта еңбек ететін жерсіз шаруаларға берілетінін атап айтты. Өнеркәсіп саласы да басқа жылдармен салыстырғанда біршама алға басқан. Инвестиция тарту – аудан экономикасының өсуінің бірден бір жолы. Бұл салада да ілгерілеу байқалады. Бүгінгі күнге «Panel Sistem.kz» компаниясы Алтынарық ауылында мал жемдеу алаңын және ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстарын бастаса, «Көк — сағыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 — 2029 жылдары құны 118 млн. АҚШ доллары тұратын бақбақ гүлін өнеркәсіптік өсіру және табиғи каучук өндірісінің жобасын Қапал ауылында іске асырғалы жатқанын тілге тиек етті. Басқа салаларда да үлкен жетістіктер баршылық. Алдағы міндеттер де ауқымды. Соның ішінде жерлестеріміздің басты дақылы қант қызылшасын көбейту бірінші орында тұрады. Ол үшін сервистік дайындау орталығының мүмкіндігін жетілдіру қажет. Өткен жылы үш орталық ашылып, жыл соңына дейін бес орталық жұмыс жасаса да тәтті түбір өсірумен айналысатын округтерге шамалары жетпегені айтылды. Ол туралы жарыссөзге шыққан Сырттанов ауылдық округіндегі «Дарина» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Баймұханов айтып өтті. Ол туралы аудан әкімі Есім Сейілханұлы өз баяндамасында сөз қозғап, Серікжан Ислямұлынан тағы 2 сервистік орталық ашылса деген өтінішін облыс әкіміне жеткізіп, шешілуіне ықпал етуін сұраған болатын. Құрылыс, автомобил жолдары, ауызсу мәселелері өз кезегінде шешімін тауып жатқаны айтылып, денсаулық, білім, мәдениет т.б. салалар бойынша кеңінен тоқталды. Екінші болып жарыссөзге шыққан аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әсел Садықова орталық саябақты абаттандыру мәселесін көтерді. Ол жайында да аудан әкімі өз баяндамасында тоқталған болатын. 2018 жылы Жансүгіров ауылының орталық саябаққа және орталық алаңға абаттандыру, жөндеу жұмыстарына жобалау құжаттары даярлануда – деп, оған қанша қаражат бөлінетініне дейін көрсетіп берді. (32,7 млн. тг). Сондай – ақ, Елбасының осы жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастардың белсенділігін арттыра түсті. Осы бағытта ауданда «Жастар» паркін жайластыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына аудан жастарының белсенді түрде қатысуын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, биылғы жылы аудан орталығының шығысында орналасқан жаңа үйлердің жанында саябақ және балалар алаңы салынады. Аудан орталығындағы арық жүйелерін ретке келтіру үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 40 млн теңге бөлінді. Бұл шаралар іске асырылса аудан орталығы көркейе түседі,– деді. Иә, аудандық Ардагерлер Кеңесінің де көтеріп жүрген мәселесі осы. Ол туралы аталмыш кеңестің төрағасы Амантай Айтбайұлы да айта келіп, аудан әкімінің есебіне «қанағаттанарлық» баға берген болатын. Сөз соңында, – ауданымыздың бүгінгі даму келбеті баршаңыздың көз алдыңызда. «Басқа жердің отынан, туған жердің түтіні артық» дейді дана халқымыз. Күн сайын туған ауданымыздың тұрмыс — тірлігін түгендеп, тыныс-бірлігін бүтіндеу, оның алымы мен қарымын қадағалау халық алдындағы жауапкершілік, өз еліңе деген жанашырлық деп түсінемін. Осы жыл Кемеңгер ақынымыз, жыр «Құлагері» Ілияс атамыздың 125 жылдық мерейтойын өткізу міндеті тұр. Ауданымыз ғана емес облыс, тіпті республикамызға сын болатын бұл тойды ел болып атқаруымыз керектігін нақтылап айтты. Ендеше, «Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар»,-демекші бірлігімізге тірлігіміз жарасып, туған ауылымызды, ауданымызды тарихи маңызына сай дамытып, өркендету – ортақ іс деп білемін. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Ислямұлы қорытындылады.
Ербол СЫМХАНОВ.